Түркі халықтарының дәстүрлі спорт түрлері халықаралық қауымдастығы өкілдері бас қосты

Түркі қауымд басшыларымен15-маусым күні Аударыспақтан ашық Азия чемпионатына орай келіп отырған елдер арасында мәжіліс өткізілді. Бұл – Түркі халықтарының дәстүрлі спорт түрлері халықаралық қауымдастығының кезекті жиыны. Аталған қауымдастықтың президенті Бекболат Тілеухан қарым-қатынасты күшейтіп, алда жасалатын жұмыс мәселелерін талқыға салды.

Отырыста Моңғолияның «Көкпар, аударыспақ, теңге ілу қауымдастығы», Тәжікстанның «Кокбору және ұшқыр аттар жарысы» федерациясы мен РФ Алтай Республикасының «Көк бөрі» федерациясы Қауымдастық құрамына алынып, аталмыш ұйымның құрамы 6 мемлекетке толықты.

111Еске сала кетейік, ЗТБ «Түркі халықтарының дәстүрлі спорт түрлерінен халықаралық қауымдастығы» 2013 жылдың сәуір айында Тараз қаласында 8 елдің Дәстүрлі спорт өкілдерінің бас қосқан халықаралық конференциясында құрылған болатын. Қауымдастықты құруға Қырғызстан Республикасының «Көк бөрі» федерациясы қоғамдық ұйымының президенті Исаев Қанатбек, Өзбекстан «Улок-Купкари» федерациясының төрағасы Турдиматов Журакузи мен сол кездегі ҚР ҰСТҚ президенті Қ.Сатыбалдыұлы қол қойып, Жарғысы мен Келісім шарттарын бекіткен.

Сонымен бірге, Қауымдастық құрамына кіруге жаңа мүше елдердің өтініштері қарастырылды. Атап айтсақ, олар:

  • ҚХР Іле-Қазақ автономиялық облысының Көкпар қоғамы
  • Венгрия елінің Ұлттық спорт қауымдастығы
  • Түркия елінің Дәстүрлі спорт қауымдастығы
  • Әзірбайжан елінің Дәстүрлі спорт федерациясы

Дауыс беру нәтижесінде аталған елдер бірауыздан Қауымдастық құрамына енуі туралы ұсыныстары қабылданып, көпшілік тарабынан құттықталды.

ҰСТҚ-ақпарат

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*