Қазақстандықтар ат спортынан әлем чемпионатында бірнеше рет жеңіске жетті

«Алтын Тай» ат спорты клубында FEI World Equestrian Games 2014 әлем чемпионатына ат үйретуден іріктеу жарыстары аяқталды, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Ат спорты федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Жарыстарға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Израиль және Польша спортшылары қатысты. Төрешілер алқасының құрамына Германия, Ресей, Беларус пен Корея өкілдері кірді.

Спорттық шарада «Медиум Тест» бағдарламасы бойынша өткізілген жарыстар нәтижесінде барлық жүлделі орындар қазақстандық спортшыларға бұйырды. Бірінші орынды Рио Джаз атымен (64,292%) Галина Суховеенко алды. Екінші және үшінші орындарда — Лексус (63,583%) және Роял-Принцесс аттарымен (61,375%) Елена Куцерубова. Басқа да қазақстандық спортшылар түрлі жарыстарда жүлделі орындардан көрінді.

Наталья Юркевич и Дон Петро

Участники, судьи, партнеры

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.