Азия аударыспаққа бет бұрды

Audaryspak 31Астанада Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен тұңғыш рет аударыспақтан Азияның ашық чемпионаты өтті.

Байрақты бәсекеге Қазақстаннан бөлек, Ресей, Қытай, Тәжікстан, Ауған­стан, Венгрия, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Әзербайжан, Түркия елдерінен 33 спортшы қатысты. Чемпионат 70 кило, 90 килоға дейінгі және 90 килодан жоғары салмақ бойынша өтті. Жарыс соңында жүлде алған білекті жігіттер абсолютті чемпиондық үшін таласты.

Audaryspak 21Жарыстың ашылу салтанатында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек сөз алып, ұлттық спорт түрлерімізді дамытудың маңыздылығын атап өтті. Ат үстінде күресе білу үшін спортшыдан атты жақсы меңгерумен қоса, үлкен күштілік, ептілік, төзімділік пен байсалдылық талап етіледі. Партия басшыларының бірі осыны айтты. Ал сайыс үш айна­лым бойынша өтті. Оның бірінші айна­лы­мында, яғни 70 кило салмақта бақ сынас­қан 8 елдің балуандары жеңіске жету үшін барын салып, намысқа тырыс­ты. Нәтижесінде бірінші орынды қазақстандық Ермек Жәпішев жеңіп алды. Оған 1 000 000  теңге берілсе, екінші болған Қытай елінің сарбазы Ақат Қуанышқа 700 000 теңге, үшінші орын иегері қырғызстандық Қадыбек Бузур­манкулулына 400 000 теңге көле­міндегі ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Audaryspak 19Көремендердің көңілі сергіп, қуа­­ныштан жүздері бал-бұл жайнап отыр­ған кезде, бас төреші Рамазан Сәтті­баев­тың нұсқауымен екінші айналым қаты­сушылары жарысты бастауға сақадай-сай тұрды. Төреші тарапынан белгі берілген бойда, жарыс басталып кетті. 90 кило салмақта 9 елдің спортшылары үшін бұл кезең біраз қиындықтар туғызды. Жоғары дайындықпен келген спортшылардың бір кілемде тоғысуы жарыстың тартысты өтуіне себепші болды. Аламанның соңы жанкүйерлерді тағы да қуантты. Қарсыласын таза жеңіспен жеңген Оңтүстік Қазақстан облысының өкілі Сырым Ізбасаров жеңіс туын көк аспанға желбіретіп, бірінші орынды иеленді. Екінші орынды моңғолиялық Нұрболат Ережеп алса, үшінші орынға қырғыз елінің өкілі Кумушбек Қыдыралиев орналасты.

Ал 90 килодан астам салмақта бас жүлдені Біржан Қосалиев жеңіп алды. Біржан аударыспақтан Қазақстан чемпионы. Финалда ол қарсыласына ешқандай мүмкіндік бермей, 10 секунд­та жеңді. Жарыс соңында оған абсолют­тік чемпион атағымен бірге «Алтын белбеу» табыс етілді.

Сөйтіп, күні бойы Астананың маңын­дағы «Қазанат» атшабарында жалауы желбіреген жарыс өте жоғары деңгейде өтіп, жанкүйерлердің бас бармақпен берген бағасын алды. Чемпионаттың жабылу салтанатында Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан аударыспақтан келесі ІІ ашық Азия чемпионаты Қытайда өтетінін хабарлады.

Рәбия КЕРІМБАЙ,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті, egemen.kz

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.