Өз елінің даңқын асқақтаған «NOMADS» браузерлік ойыны

«Қазақ халқы — тамырын жеті қабат жер астына жіберген алып бәйтеректей өзегін ғасырлар тереңіне тартып, осынау қасиетті ұлы даласынан табан аудармай, дауылдармен алысып, тағдырымен қарысып, өсіп-өркендеп келе жатқан байырғы халық. Осындай болып бүгінгі күнге келген халық»

Н.А. Назарбаев

«NOMADS» — өр рухты көшпенділердің тарихы мен ата-баба дәстүріне негізделген Қазақстандағы алғашқы браузерлік онлайн ойын. Өткен мамыр айында бұл ойынның таныстырылым барысында, оның тарихи деректерге сүйеніп жасалғаны, халқымыздың бірнеше тарихи тұлғаларының бейнесі қамтылғаны баса айтылғаны есімізде.

«Nomads» ойыны эпикалық рөлдік MMORPG (көпшілікпен пайдаланушы браузерлік ойын) жанрындағы ойын. Ойынды ойнау үшін тек әлеуметтік желі мен браузердің (www.nomads.kz) болғаны жеткілікті. Айта кету керек, ойын қазақ және орыс тілінде шықты. Кейінірек бұған ағылшын тіліндегі нұсқа  да қосылмақ.

Жоба авторы әрі KazBussinesMedia қоғамдық қорының төрағасы Асқар ОМАРОВ:

«Алдағы уақытта ойыншылардың аудиториясын ТМБ елдері ішінде кеңейте  түсу жоспарланған. Болашақта қырғыз және өзбек тілдеріндегі нұсқасын дайындай отырып Орта Азияның ғаламтор кеңістігіне шығатын боламыз. Бұл ойынның образы тек қазақ халқына ғана емес, жалпы түркі жұртына ортақ. Сондай-ақ бұл ойынды жалпы еуразиялық сипатта да тануға болады. Біз ойынды ілгерілету үшін Вконтакте мен Facebook әлеуметтік желілерінде топ аштық. Қазірде көптеген ұсыныстар келіп түсуде. Мысалы, Башқұрттар да бұл ойынды ана тілдеріне аударып беруді сұрап отыр».

Ойынның техникалық деректері

Графикалық мәліметтер. Ойын бір жақты, флеш анимациясыз 2D графикамен жасалған, бұл ойыншыға ескі қаланың (Түркістан қаласының) сәулет өнерімен танысып қана қоймай, өз көзімен көруіне болады.

СнимокFM-rGLJ_1ME

Кейіпкерлер. Ойыншының талабына қарай, кейікердің көптеген түрлерін таңдауына болады. Сіздің кейіпкеріңіз тапсырмаларды қалай орындауына, басқа ойыншылармен соғысуына байланысты, оның тәжірбиесі жинақталып, деңгейі көтеріледі. Әрбір жаңа дәңгейге көтерілген сайын, сізге жаңа заттар, бұйымдар мен әртүрлі керек-жарақтар т.б алуына мүмкіндік аласыз.

06fd4bb76c67983eb761c20e15afe053562ae419d6294e971b675ad2455b8b87

Қызықты оқиғалар. Сізді қазақ халқының салт-дәстүрі мен тарихына негізделген, қызықты да, танымдық ойын барысы, логикалық сюжет пен сапалы дайындалған көз тартымды интерфейс күтіп тұр.

c18395dc3b2d0a06d35a5d72e89b0c12Жеке жауынгер ме, әлде мықты бауырлас топтың қатарында болу ма? Тәжірбиенің жинақталуына қарай, жаңадан қосылған ойыншыларды жалдауға болатын мүмкіндік аласыз, ал ең мықтының қолында қызмет ету түрлі жеңілдіктермен қатар, белгілі бір борышқа бөлетеді. Шешімді қабылдау сіздің қолыңызда.

Ойында сонымен қатар,

Даңқ беті – бұл айырықта ойыншылар атақты хандардың, батырлардың, ақындардың, және басқа да қазақ халқының ірі тұлғаларының өмірбаяны мен танысуына болады.

Даңқ беті

Шежіре – қазақтардың тайпа-рулық құрылымы. Қазақ халқында жеті атаға дейін білу міндет болып табылады. Қалаған адам өзі туралы мәліметті қосып, және өзінің руын таба алады. Осының арқасында өз туыстарыңызды тауып қана қоймай, ата салт-дәстүрін сыйлап, жалғастыруына себепші болады.шежіре

«Nomads» әлемінде ата-баба рухын жаңадан асқақтатып, аталарыңның қандай болғанын көріп қана қоймай, сұрапыл заманда батырларды бастап, қорғансыздарды қорғап, ел тыныштығын сақтап, өзің тарихты жасауға ат салысасың. Сондықтан, …

«КӨШПЕНДІЛЕР – аңыз бол…» 

«NOMADS — become a legend…»НОМАДСс

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*