Моңғолияда Тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс басталды

Кеше Моңғолияның Баян-Өлгей аймақтық спорт кешенінде тоғызқұмалақтан халықаралық бәсеке басталды.

Баян-Өлгей аймағында екінші рет ұйымдастырылып отырған халықаралық бәсекеге Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Қытай және Баян-Өлгей аймағының спортшылары қатысуда. Өткен қаңтар айында Ұлттық Тоғызқұмалақ ойынының кезекті мәжілісінен Моңғолия Тоғызқұмалақ федерациясы құрылған болатын. Мәжілістен федерация президентіне МҰХ мүшесі Бәкей Ағыпарұлы, вице-президентіне аймақ әкімі Дәрмен Құзыкейұлы, атқарушы директорына Асылхан Сәкейұлы сайланған-ды. Бүгінгі бәсекенің ашылу салтанатына аймақ әкімі Дәрмен Құзыкейұлы, АӘІБ-ның бастығы Т.Мәңкей, бөлім басшылары С.Ерия, А.Болатқан, тоғызқұмалақ спортының аға буын өкілдері Дөрбетхан, Қанат, Мамырқан және шет елден келген өкілдер мен жанкүйерлер қатысты.

Бәсекенің бас төрешісі Алмасбек аймақ әкіміне баяндама берген соң аймақ әкімі Дәрмен Құзыкейұлы спортшыларға табыс тілеп құттықтау жолдады.

Аймақ әкімі Қазақстан Тоғызқұмалақ қауымдастығы тарапынан марапатталды

Бұдан соң Тоғызқұмалақ федерациясының атқарушы директоры Асылхан Сәкейұлы атамыш спорттың даму тарихынан қысқаша мәлімет берді. Келесі кезекте Қазақ елінен келген топ жетекшісі Мақсат Есенбекұлы Шотаев сөз алып, құттықтауын жеткізді. Театр әртістерінің концерттік бағдарламасымен жалғасқан ашылу рәсімі спортшылардың сайысына ұласты.

Бүгінгі бұл жарысқа 5 елдің спортшылары қатысып отыр дейді тоғызқұмалақ федерациясының атқарушы директоры Асылқан Сәкейұлы. Бәсекеге Қазақ елінен 7 спортшының құрамында бір команда келіп қатысып отыр. «Халықаралық деңгейде өтетін бәсеке тартымды болатынына сенімдімін, спортшыларға табыс тілеймін» деді Қазақ еліне еңбек сіңірген жаттықтырушысы, топ жетекшісі Мақсат Шотаев.

Мақсат Есенбекұлы Шотаев, ҚР Тоғызқұмалақ Зияткерлік қауымдастығының вице-президенті

Бәсеке үш күнге жалғасады. 6-14 жасқа дейін, 15-19 жас, 20-дан жоғары жастағы ұлдар мен қыздар арасында жүргізілетін бәсекенің нәтижесі 27-і күні шығатын болады.  Бәсекенің ұйымдастырылуына  Баян-Өлгей аймақ әкімінің Іс басқармасы, Моңғолия Тоғызқұмалақ федерациясы, Аймақтық мәдениет спорт және туризм басқармасы мұрындық болуымен өткізіліп жатыр.

Спортшыларға табыс тілейміз.

KAZNEWS

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.