Баян-Өлгейдегі халықаралық бәсекеден тоғызқұмалақшыларымыз олжалы қайтты

25-маусым күні аймақтық спорт кешенінде басталып 3 тәулікке жалғасқан тоғызқұмалақтың халықаралық бәсекесі өз мәресіне жетті. Аталмыш бәсекеге РФ (Алтай Республикасы), ҚХР, Қазақстан, Қырғызстан және Моңғолия спортшыларынан барлығы 70-ке жуық сайыскер қатысты. Нәтижесінде Қазақстан командасы бірінші, Моңғолия командасы екінші орынды, Қырғызстаннан келген тоғызқұмалақшылар тобы үшінші орынды қанағат тұтты. Салтанатты сыйлық тапсыру рәсімінен соң, бірінші орынды жеңіп алған Қазақстан елінің туы ілініп, әнұраны шырқалды.

Тоғызқұмалақтан он төрт жасқа дейінгі ұлдар арасынан Қазақстан елінің ойыншысы Есенбек Нұрлан бірінші орынды, Моңғолия командасынан Нұралы Бақытқан екінші орынды еншілесе, үшінші орында да Моңғолиялық спортшы Айтмұхаммед Алмабекұлы еншіледі.

Ал қыздар арасынан Қазақстан елінің ойыншысы Есіркеп Құндыз бірінші орынды, Баян-Өлгей аймағымызнан қатысқан Армангүл Жәлелқызы екінші, Дана Досымбекқызы үшінші орынды еншіледі. Он тоғыз жастағы ерлер арасынан Қазақ елінен келген тоғызұмалақшы Серікмұрат Тойбазар бірінші орынды еншілесе, Қырғызстандық  Имбаргиов Қуанышбек екінші орынды алды. Моңғолиялық Шалқар Өсерханұлы үшінші орынға табан тіреді. Қыздар бәсекесінен Қазақ елінен келген Базарашева Гүлнара бірінші орынды иеленсе, Қырғыстандық  Мақсатбекқызы Айтұрған екінші орынды, Моңғолия командасы атынан қатысқан Айбота Жәлтайқызы үшінші орынды қанағат тұтты.

Ересектер арасынан Қазақстан Республикасының Тоғызқұмалақ Зияткерлік қауымдастығыеың вице-президенті, халықаралық шебер Мақсат Шотаев бірінші орынды жеңіп алса, Моңғолия командасынан қатысқан  спортшылар Рысбекұлы Жасұлан екінші, Шындәулетұлы Ардабұлан үшінші орынға ие болды.

Жүлдеге ие болған спортшылар алтын, күміс, қола  медаль және ақашалай, естелік сыйлықтармен марапатталды. Бәсекеге келген шетелдіктер  тоғызқұмалақ ойынының өз елдеріндегі ерекшеліктері және оның даму жолдары жайлы ой-пікірлерін айта келе халықаралық деңгейде Тоғызқұмалақтан бәсеке ұйымдастырып, оның нәтижелі өтуіне себепші болған Баян-Өлгей аймағы басшылығына алғыстарын жеткізді.

Салтанатты кештің аяқталу сәтінде Баян-Өлгей аймақ Әкімдігі Іс басқармасының басшысы Мәңкей Тұрдыханұлы сөз алып, барлық спортшыларды құттықтап, бұл жолғы тоғызқұмалақ спортының бәсекесі табысты жүрілгенін атап өтті.

KAZNEWS

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.