Бекболат Тілеухан «Қазспорт» арнасының ұжымын арнайы құттықтады

Кеше «KAZsport» спорттық телеарнасының 1 жылдық мерейтойына орай ҚР ҰСТҚ президенті Бекболат Тілеухан телеарна ұжымын арнайы құттықтады.

Осыдан бір жыл бұрын 21 сағат бойы хабар тарататын тұңғыш мемлекеттік «KAZsport» телеарнасы жұмыс істей бастаған еді. Арнайы мамандандырылған спорттық телеарнаның ұлттық құндылықтарды ұлықтап,  ұлттық  спорты дамытуға қосқан үлесі орасан. Қалың жұртшылық Көкпардан І Азия чемпионаты, Аударыспақтан І ашық Азия чемпионаты, «Қазақстан Барысы» турнирі секілді ірі ұлттық спорт жарыстарын «KAZsport»-тың тікелей эфирінен тамашалады. Осы жұмыстың өзі де ұлттық спорттың абырой-беделін бұрынғыдан әлдеқайда биік белеске көтеріп тастады.

Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Б.Тілеухан телеарна ұжымының бір жыл ішіндегі жетістіктеріне ризашылық  білдіре отырып, алдағы уақытта бұдан да зор шығармашылық табысқа кенеле беруіне тілектестігін жеткізді.


Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*