Қазақ тазыларының аң қағушылық сипаты

Қазақ тазысының мекен еткен жеріне үйлескен өзіне ғана ерекше бітімі мен сипаты, түр-тұлғасы бар. Соған сай аң қағарлығығ физикалық ерекшелігі аса жоғары болып келеді. Тазының аңшылық сипатын анықтағанда алдынан, артынан, жанынан дене бітімінін үйлесімділігін, мүсінін, сымбатын қиыл қозғалысын назарға алады. 

Қазақтар тазыларды аң қағушылық сипатына қарай бірнеше топқа бөледі: қасқыр алатын, қоян алатын, түлкі алатын (түлкілік). Қасқыр алатын тазылар мықты, денесі кесек, күшті келеді және өз ішінен әлділігіне қарай бірнеше дәрежеге бөлінеді.Тазылар1

Тазылар 4Бірінші топқа жататын қасқыр алатын тазылар өте сирек кездеседі. Олардың сапасы ең жоғары деп санайды, шынымен-ақ бітімі кесек, күшті, өжет әрі жүйрік келеді. Олар көрген қасқырын бір-екі жұлып бетін қайтарып, содан соңқатарласа беріп алқымынан алып жығады да бір-ақ мытып өлтіретін қарулы келеді. Кейде күздігүні бөлтірік қасқырлар тобына киліксе, бірін жібермей түгел қырып салады.

Екінші топқа жататын онша кесек денелі, арынды емес, сидам, серектеу келеді, жуандығы орташа, денесі шымырлау болады. Ал батылдығы мен жүйріктігі жаман емес. Бұлар қасқырды қуып жетіп, жұла береді, қасқырдың мысын құртып, қасқырды денесіне жуытпайды, әрі жібермейді. Иесі жеткенше қасқырды ұстап босатпайды. Бұл иттердің қасқыршылық қабілеті мол болады және оны өлтіргісі келіп тұрады.

Үшінші топқа жататындардың алдыңғылардан айырмасы, бұлар қасқырды тартқанда иесіне жалтақтап иек артқыш, арқаланғыш келеді. Иесі кейіндеп қалса, жалтақтап артына қарай береді. Бел асып иесінің қарасы батып кетсе, аңды қумай тоқтап та қалады. Қасқырды тек аттың тізесімен алатындықтан мұндай тазыларды көмекші тазы деп атайды. Екеу болса батыл келеді, таласудан тайынбайды. Қасқырды тез тоқтатып, тез жығады.

Тазылар 2 Енді бір тазылар өте күшті, әлді болса да шабандау келеді, қасқырға жете алмай қалады. Енді бірінің ұшқырлығы зор болса да, көп алысуға дәрмені жетпейтін әлжуаз, оны бірер тартып тұрып қалады. Демек, қасқыр алатын тазы әрі жүйрік, әрі тегеурінді болуы керек. Рас, кейбір ершігеш жүйрік, кішкене, әлсіз иттердің өзі қасқырды дамылсыз жұлқылап, иесі жеткенше жібермейтіні де болады.

Қоян, түлкі алатын тазыларды да үш топқа бөледі. Мәселен, қара жерде немесе қар борамаған сонар күніне 5-6 қоян алатын тазылар бірен-саран. Екіншісі күніне 2-3 қоян алатын жүйрік тазылар саналады. Үшіншісі күніне 1-2 қоян алатын марғау, болдырғыш тазылар. Түлкінің айлакерлігі болмаса қояннан ұшқыр емес. Сондықтан жоғарыда айтылған тазылардың қайсысы да түлкіні ала береді. Кейбір ауызданбаған немесе алғашқыда түлкінің тісі батып қалғандары ғана кейін жүрексініп, түлкі ала алмайды.
 Тазылар 5Тазылар 3

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*