Қытайда көкпар командаларының достық кездесуі өтеді

Қытайда 12-17 шілде күндері көкпардан халықаралық жарыс өткізіледі. Байрақты бәсекеге ҚХР, Қазақстан Республикасы, Моңғолия Халық Республикасы, Қырғызстан Республикасы командалары қатысады деп күтілуде. 64169dbb0606a925f2aa6b9f01c12776_500_0_0

Бұл көкпар командаларының достық кездесуі Іле-Қазақ автономиялы облысының құрылғандығының 60 жылдық торқалы тойына арнайы ұйымдастырылып отыр. Мерейтойға орай өтетін көкпар бәсекесімен бірге, халықаралық «Тұлпар» мерекесі де шымылдығын ашады. Бәсеке Қытайдағы қандастарымыздың Көкпар ережесімен жүргізіледі. Бұл ереже бойынша, әр көкпар командасының құрамы 7 спортшыдан тұрады.

Жарыстың өтетін орны: ҚХР, Іле-қазақ автономиялы облысы, Моңғолкүре ауданы, Қарағанты елді мекені

Бұл жарысқа жасақталған Қазақстанның көкпардан құрама командасы мен жетекшілердің тізімі төмендегідей:

  • Ерлен Оспанов, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының атқарушы директоры
  • Рамазан Сәттібай, ҚР СДШІА Ұлттық спорт түрлерінен мемлекеттік жаттықтырушы
  • Қуанышбек Құрамаев, ҚР Көкпар құрама командасының жаттықтырушысы
  • Нұрдәулет Момынов, Жамбыл облысы
  • Қазбек Амангелдинов, Астана қаласы
  • ҰланБайтөреев , ОҚО
  • Ермек Көбей, ОҚО
  • Бақтыбай Шырынқұлов, ОҚО
  • Асланбек Сайдулла, ОҚО
  • Нұржігіт Мырзабаев, ОҚО
  • Дәулет Омбаев, ОҚО

ҰСТҚ-ақпарат

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*