Хоккейшілер көкпар тартып, өздерін ат үстінде сынап көрді

Өскемендік хоккейшілер көкпар тартып, қазақтың ұлттық ойынын меңгеру үшін атқа қонды.

Олар жаңа маусым алдында спорттың осы түрін үйренуді жөн санапты. Мақсаттары – өзгелерге үлгі бола отырып, бұқараны спортпен шұғылдануға шақыру. Айта кету керек, көкпар ойыны жыл санап дамып келеді. Оған деген сұраныста артуда. Мұнда бір ғана атқа міне білу жеткіліксіз. Ептілік пен мықты дене дайындығы қажет. Сондықтан «Қазцинк-Торпедо» хоккей командасының спортшылары шеберліктерін ат үстінде сынап көрді. Жігіттердің тақымы мықты болмаса да, көкпаршыларға барынша ұқсап бақты. 

Досжан Исеркенов, хоккейші:

— Бұл ойында да шабуылшылар бар. Көкпар тақымдаған ойыншыны қорғап, тосқауыл жасайтындары да болады. Өте қызықтыәрі тартысты ойын. Үйренбегендіктен болар, алғашында қиындау болды.

Вадим Рифель, хоккейші:

— Жасыратыны жоқ. Өте қиынәрі ауыр ойын. Мықты дене дайындығы керек. Көкпар тартып, шабандоз атану да оңай шаруа емес екендігін аңғардым.


24.kz

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*