Ұлттық спорт түрлерінен жасөспірімдер арасында ел чемпионаты өтеді

Алматы қаласында 30 шілде мен 5 тамыз аралығында көкпардан, аударыспақтан және теңге ілуден жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Жарысқа әр облыс пен Астана, Алматы қалаларының 1996-1998 жылы туылған жасөспірім спортшылары қатысады деп жоспарлануда.
Чемпионат ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2014 жылға арналған бұқаралық-спорттық, сауықтыру іс-шаралары мен республикалық және халықаралық негізгі жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес өткізіледі.
Жарыстың бағдарламасы бойынша, 30-шілде күні спортшылардың орналасқанынан кейін мандат комиссиясы мен төрешілер алқасының отырысы өткізіледі.
ҚР чемпионатында төмендегі төрешілер қазылық етеді:
А.Аймағанбетов, Н.Додай, М.Алиев (Ақтөбе облысы)
А.Жанбалаев (Атырау облысы)
Қ.Дүйсеков (Қарағанды облысы)
Р.Байтасов, А.Бекболатов (Қостанай облысы)
А.Базарханов, Е.Жылқыбаев, Г.Базарханова, Е.Юсупов, М.Құлжатаев, М.Отынбаев, А.Сапақов (ШҚО)
С.Ізбасаров, Ж.Саев, С.Джалилов, Ж.Бекмұсаев, Қ.Жакипов, Ж.Түленов (ОҚО)
М.Азбаев (СҚО)
Ж.Орынбасаров, С.Сыздықов, Ғ.Мақатаев (Қызылорда облысы)
А.Мейрамғалиев, Ж.Мейрамғалиев (Павлодар облысы)
Қ.Сүйебаев (Маңғыстау облысы)

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.