«Қазақ спортына» шолу: Ат баптау өнері

«Қазақ спорты» газеті соңғы 2-3 айда қазақтың атбегілік өнері жайлы танымдық материалдарды оқырман назарына ұсынып, жарыққа шығарып келеді. Ат баптау, яғни жүйрік атты жарату, бәйгеге қосу, сондай-ақ, тұлпар туар құлынды тап басып танитын қазақ атбегілерінің байырғы өнері туралы жариялған газет беттеріне шолу жасап, сіздермен бөлісуді жөн санадық.

ат

«Көшпелілердің ат баптау өнері»

авторы — этнограф Бекен Қайратұлы

Көшпелі тұрмыстың өмір сұру қағидатына айналдырған жұрттардың негізгі кәсібі – мал шаруашылығы. Соның ішінде жылқы түлігі ерекше мәнге ие. Сондықтан да, көшпелілер – атты баптау, оны сынау, бәйгеге қосу, әрі сайыскерлік һәм жауынгерлік өнерге үйрету ісіне қатты мән берген. Ендеше Азияның апайтөс даласын тұлпардың тұяғымен дүбірлеткен көшпелі халықтың байырғы ат баптау өнері жайлы зерттеу жазбаны ұсынып отырмыз. Өйткені, осы бір ат баптау, жүйрік жарату, ат сынау сияқты  ұғымдардың астарында көшпенді өмірдің тумалары, яғни, біздің ата-бабаларымыздың тарихи жады мен генетикалық зердесі жатыр,дейді этнограф Бекен Қайратұлы. Бұл зерттеуде автор жүйрік жылқыны жаратудың алдындағы шарттар, жүйрік аттың алғашқы тынысын ашу, жарату үшін ат баптайтын жердің жағдайы, ат баптау барысында есте болатын жайттармен бөліседі.(№26 (226), 1 шілде)

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»

авторы — атбегі Түркістан ҚАЙЫСБАЙҰЛЫ

Атбегі адам бәйге атты құылынан таңдап баптайды. Енесін еркін емдіріп, тай, құнан кезінен бастап баулиды. Қанжілік қып шаршатпай, бабымен бағады, — деп бастапты Түркістан Қайымбайұлы.

Автор мақаланы «Бәйге атты күйімен ұстау», «Бәйге атын жарату», «Бәйге атының терін алу», «Бәйге атын сынау», «Атты бәйгеге қосар алдындағы дайындық», «Бәйге атының азығы» секілді тақырыпшалармен аттың бабын келтіру тақырыбын аша түседі. (№ 21 (221) 27 мамыр)

«Жүйрікте де жүйрік бар, қазанаты бір бөлек»

сұхбаттасқан — Кәмшат ҚОПАЕВА

Газеттің тағы бір жарты баспа бетіне ақтөбелік атбегі Жәнібек Әнішевтен алынған сұхбат жарияланған.

Жәнібек Әнішев: Атбегілік – үлкен өнер. Егер бұл өнерді жоғалтып алсақ, қайта қалпына келтіру қиын. Мәселен, бокстан жаттықтырушы табылмаса, оны шетелден алдыртуға болады. Ал, атбегіні әкеле алмайсың. Өйткені, қазақтан артық аттың бабын білетін халық жоқ. Біз тұлпарды таңдап, сәйгүлікті сайлап мінген  үлкендердің көзін көрдік. Олар жануарды сырт пішініне қарап-ақ танитын… Жүйрікті жарату үшін оын ең алдымен шабатын күйге жеткізу керек. Әрі, қазақы жылқының ішінде әртүрлі жаратуды сүйетіні болады. Бәрін бір тәсілмен баптай алмайсың. Сондай-ақ әр адамның баптау әдісі әр басқа…».  №20 (220) 20 мамыр)

«Жүйріктен жүйрік озар сыналғанда…»

авторы — атбегі-этнограф Сейіт АБЫЗҰЛЫ

Бәйге атын баптаудың жолы қандай деген сауалға атбегі Сейіт ағамыз сонау ҚХР, Алтай аймағы, Алтай қаласынан былай деп жауап береді:

«Бәйгенің жайлаудағы жайылысы 30-40 күннен аспау керек. Ерекше майланып кетсе, жақсы емес. Күзде бәйгеге қосатын атты тамыз айының басында ұстайды. Алғаш ұстаған күннен бастап, күндіз байлап, түнде шөбі таза, тақырлау жерге қысқа арқандап, әр күні 2-3 сағат аяңдатып, қинамай міну керек». (№19 (2019) 13 мамыр)

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.