Түркі халықтарының ойындары қайта түлейді

Түркі академиясында «Түркі әлемінің ортақ құндылықтары» тақырыбында халықаралық ғылыми жиын болып өтті. Қазақстан, Түркия мен АҚШ-тың ғалымдары қатысты.
Алғаш рет Түркі әлемінде «Түркі әлемі балалар ойыны мен ойыншықтары» атты тың жоба қолға алынып отыр. Ол Түркияның Ескішехир қаласы әкімдігі мен Османғази универститеті қолдауымен жүзеге асырылуда. Зерттеу нысаны — Түркітілдес мемлекеттер мен халықтардың 3-10 жас аралығындағы балаларға арналған ойындары мен ойыншықтары болмақ. Жоба жетекшілері тақырыпқа қатысты мол мәлімет жинау үшін Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей мен Қытай сынды т.б 20 шақты елдер мен түркітілдес халық көп шоғырланған мекендерге барады.
Арнайы сапарды Қазақстаннан бастады. Астанадағы бүкіл түркі халықтарының мәдениеті мен әдебиті, тарихын зерттейтін бірегей институт –Түркі академиясына келіп, сала ғалымдарының жиынына қатысты.

Жобаның ғылыми кеңесшісі АҚШ-тың Мичиган мемлекеттік университетінің профессоры Тимур Коджаоглу: «Кеше Астананың іргесіндегі Қоянды ауылына барып, біраз қазақ ойындарын көріп қатты таң қалдық. Арамыз мыңдаған шақырым болғынана қарамастан, атауында біраз өзгеріс болғаны болмаса көптеген ойындарымыз бірдей екен»,-деді
«Ойын баланың жұмысы, — деген жоба үйлестірушісі әрі жүргізуші Ескішехир Османғази университетінің оқытушысы Неслихан Байдың сөзінше, жобаның басты мақсаты — ақпараттық технология қарыштап дамыған қазіргі күні ұмыт болып бара жатқан Түрк әлеміндегі бала ойындары және ойыншықтарына негізделген мәдени сананың қалыптасуына үлес қосу.

Жоба нәтижесі бойынша, зерттеулер кітап, жинақ фотоальбом болып шығады. Тақырыпты курс ретінде түркітілдес елдердің білім саласына енгізу, бастауыш сыныпта арнайы сабақ ретінде оқыту жайы да қарастырылады.
Түркі әлемі балалар ойыны мен ойыншықтарына қатысты олимпиада өткізіп, арнайы мұражай ашу жоспарлануда. 
Түркі академиясының ғалымдары Серік Ерғали мен Қуанышбек Кенжалин қазақ халқының балалар ойындары туралы баяндама жасады.

Түркі академиясының ресми Facebook парақшасы

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*