Ұлттық спорт түрлерінен жасөспірімдер арасында ҚР ІІІ чемпионаты өтеді

БАСПАСӨЗ ПАРАҚШАСЫ

Алматы қаласында 31 шілде мен 4 тамыз аралығында көкпардан, аударыспақтан және теңге ілуден жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының ІІІ чемпионаты өтеді. Жарысқа еліміздің әр облысы мен Астана, Алматы қалаларының 1996-1998 жылы туған жасөспірім спортшылар қатысады деп жоспарлануда.

Чемпионат ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2014 жылға арналған бұқаралық-спорттық, сауықтыру іс-шаралары мен республикалық және халықаралық негізгі жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес өткізіледі.

Өтетін жері: Алматы облысы, Қарасай ауданы, «Қазанат» атшабары

Өтетін уақыты: 31-шілде күні сағат 09-30-да басталады.

Салтанатты ашылуы сағат 11-00-де.

Байланыс тел: Сәрсенбей Құлбаев,87056607551

Жасөспірімдер арасында өтетін ҚР ІІІ чемпионатының бағдарламасы

30 шілде — Командалардың келу күні

11.00-15.00 Мандат комиссиясының отырысы

15.00-16.00 Жеребе тарту

16.00-18.00 Төрешілер алқасының мәжілісі

31 шілде

Көкпардан командаларының алғашқы кездесу ойындары

9.30-10.30 І ойын

11.00 Чемпионаттың салтанатты ашылуы

12.00-14.00 Үзіліс

14.00-15.00 ІІ ойын

15.00-16.00 ІІІ ойын

16.00-17.00 ІV ойын

17.00-18.00 V ойын

1 тамыз 2014 жыл

Көкпардан командаларының кездесу ойындары

10.00-11.00 І ойын сағат

11.00-12.00 ІІ ойын

12.00-13.00 ІІІ ойын

13.00-14.00 Үзіліс

14.00-15.00 ІV ойын

15.00-16.00 V ойын

16.00-17.00 VІ ойын

2 тамыз

10.00-11.00 Теңге ілу ойынының басталуы

11.00-11.30  Теңге ілуден жартылай финал

11.30 Финал. Теңге ілу

Көкпардан командаларының кездесу ойындары

12.00-13.00 І ойын

13.00-14.00 Үзіліс

14.00-15.00 Аударыспақ спортшыларының салмағын өлшеу (40,50,60 келі)

15.00-16.00 Көкпардан ІІ ойын

15.00-16.00 Аударыспақтан 40,50,60 келі салмақтағы спортшылардың жарысы

16.00-17.00  Көкпардан ІІІ ойын

17.00-18.00  Көкпардан ІV ойын

18.00-19.00  Көкпардан V ойын

3 тамыз

Көкпардан командаларының кездесу ойындары

10.00-11.00   І ойын

11.00-12.00   ІІ ойын

12.00-12.30 Аударыспақтан 70 және +70 келі салмақтағы спортшылардың жарысы

12.30 Аударыспақтан ақтық кездесу 

13.00-14.00 Түскі үзіліс

14.00-15.00 Көкпардан ІІІ ойын

15.00-16.00 Көкпардан ІV ойын

16.00-17.00 Көкпардан V ойын

17.00-18.00 Көкпардан жартылай финал

4 тамыз

10.00 Көкпардан ақтық кездесу

11.00 Марапаттау рәсімдері

12.00 Чемпионаттың салтанатты жабылуы 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.