ҚР жасөспірімдер арасындағы чемпионаттардың даму тенденциясы (ИНФОГРАФИКА)

Бұл күндері өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы республикалық чемпионат биыл осымен ІІІ рет жалауын  желбіретті. Ал бұның алдыңдағы чемпионаттарға көз жүгіртетін болсақ, мынадай дамуды байқар едік.

1406874746 (1)

2012 жыл, 17-22 шілде. Павлодар қаласы, «Құлагер» атшабары.  Ұлттық спорт мектептерінің балалар мен жасөспірімдері арасында көкпар, аударыспақ, қыз қуу, теңге ілуден республикалық І чемпионат өткізді.  Бұл чемпионатқа БҚО, ОҚО, ШҚО, СҚО, Ақтөбе, Павлодар, Ақмола облыстарының командалары келді.  Әсіресе көпшіліктің назары көкпарға ауды. 6 күнге созылған жарыстың ақтық жарыс ОҚО мен ШҚО командалары кездесті.

2013 жыл, 11-16 сәуір. Тараз қаласы. Бауыржан Момышұлы атындағы атшабарда жасөспірімдердің ІІ Республикалық чемпионаты өтті. Бұл чемпионтқа да 7 облыстан (Ақтөбе, Жамбыл,  Қарағанды, Батыс  Қазақстан,  Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының командалары) келген болатын.

Ал биылғы чемпионат 10 команданың жарыс алаңына жинап отыр. Жарыстың соңғы жаңалықтарын бізден күтіңіздер.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.