Республикалық ІІ жазғы ауыл ойындары Таразда өтеді

 

Тараз қаласында 610 тамыз күндері ҚР IIжазғы ауыл ойындары өтеді. Аталмыш республикалық жарыстарға 1997-1999 жылы дүниеге келген жасөспірімдер спорттың 9 түрі бойынша 46 медаль жиынтығын сарапқа салатын болады.

Тараз қаласының спорт алаңдарында қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, волейбол, мини-футбол, еркін күрес пен үстел теннисі, таеквондо және Президенттік жазғы көпсайыс бойынша шешуші бәсекелер өткізіледі деп жоспарлануда.

Айта кететін жайт, бұл ойындар 3 кезеңнен тұрады. Мамыр айында ауыл-ауылдарда басталған бірінші кезеңде ауданаралық жарыстарға, яғни 2-кезеңде өнер көрсететін спортшылар анықталған болатын. Бұдан кейін аудан деңгейінде жеңімпаз атанған ауыл жастары 3-кезеңде облыстардың үздіктерін іріктеп, Тараздағы бұл жарыстарға жолдама алып отыр. Іріктеу жарыстарының нәтижесі еліміздің 14 аймақ спортшылары арасынан Ауыл ойындарының финалдық бөліміне қатысушыларды анықтады. (Астана мен Алматы қалалары бұл ойындарға қатыспайды).

Ауыл ойындарының ұйымдастырушылары – ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі пен Жамбыл облысының әкімдігі.

Ал ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар мына күндерге белгіленген:

Қазақ күресінен -46 кг, -51 кг, -57 кг, -64 кг, -72 кг, -81 кг, +81 кг салмақ дәрежелері бойынша 8 тамыз күні «Олимпик» спорт кешенінде жартылай финал мен финал өтеді.

Ал тоғызқұмалақ пен асық ату «Тараз-Арена» спорт кешенінде 7, 8, 9 тамыз күндері өткізіліп, 10-тамызда шешуші ойындар ұйымдастырылады.

Жабылу салтанаты: 10 тамыз күні, сағат 19-00-де, «Тараз-Арена» спорт кешені,

programm

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*