Республикалық ІІІ жасөспірімдер чемпионаты аяқталды (Нәтижелер)

Жақында Алматы облысының Қарасай аудандық «Қазанат» атшабарында жасөспірімдер арасындағы ҚР ІІІ чемпионаты тәмамдалды. 4 күнге жалғасқан қызу бәсекелерді қортындылайтын болсақ, чемпионаттағы спортшылардың нәтижесі мынадай: 

Чемпионаттың көркіне айналған көкпар көпшіліктің назарын өзіне бірден аударды. Бұл ұлттық спорт түрінен биыл финалда ОҚО мен ШҚО кездесті. Айта кететін жайт, бұл жағдай 2012 жылы Павлодар қаласында жасөспірімдер арасындағы І чемпионатта да қайталанған еді. Аса тартысты бәсекеде Шығыс Қазақстан облысының көкпар командасы ОҚО командасы есе жіберіп, жеңіске бір табан жақын қалды. Осылайша, кесте бойынша, ОҚО — І орын, ШҚО — ІІ орын, Алматы облысының командасы  ІІІ орынды иеленді.

1974367_10203675503721279_5312933403709042263_o10457685_10203675503281268_6312613476926233325_o

Аударыспақ 5 салмақ дәрежесінде өтті. Жарыс нәтижесі мынадай:

40 келі салмақ дәрежесінде:

І орын — Қанафин Асхат (ШҚО)

ІІ орын — Таңат Елденұр (ОҚО)

ІІІ орын — Мағжанов Жасұлан (АҚмола обл)

50 келі салмақ дәрежесінде:

І орын — Сапақов Мадияр (ШҚО)

ІІ орын — Асылханов Айдос (Жамбыл обл)

ІІІ орын — Данай Бекзат (ОҚО)

60 келі салмақ дәрежесінде:

І орын — Тағабай  Жансерік (ОҚО)

ІІ орын — Әбуғалимов Ақжол (ШҚО)

ІІІ орын — Бейбітов Серік (Жамбыл обл)

70 келі салмақ дәрежесінде:

І орын — Сайлаубеков Жәнібек (ШҚО)

ІІ орын — Шернияз Бақдәулет (ОҚО)

ІІІ орын — Босов Нарбота (Ақмола обл)

70 келіден жоғары салмақ дәрежесінде:

І орын — Мәсәлім Шамысхан (ШҚО)

ІІ орын — Хамитов Арғын (Ақмола обл)

ІІІ орын — Меңдібаев  СҰлтанбек (БҚО)

Ақтөбелік шабандоз Әлихан Бишимбаев теңге ілуде

Ақтөбелік шабандоз Әлихан Бәшембаев теңге ілуде

Ал теңге ілуден, осыған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбеліктер жеңіс тұғырынан көріне білді. Сонымен, жарыс қортындысы бойынша, Әлихан Бишимбаев (Ақтөбе обл) бірінші орынды қанжығасына байласа, Оңтүстік-Қазақстандық Мәтелиев Берік екінші орынға жайғасты, ал үздік үштікті Жақыпов Салауат (ШҚО) қортындылады.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*