«Қалай айтуды білемін»

«Қалай айтуды білемін» ойыны – үй жануарларының, аңдар мен құстардың жүріс-тұрысын, дауысын дұрыс сипаттап, тілімізде дұрыс айтуға дағдыланатын аса қызықты ойын. Шаруашылықта, күнделкті тұрмыс-тіршілікте маңызы зор мәліметтерді кең қамтылады.

balalar_sad1

Ойын тәртібі төмендегідей жүргізіледі:

Ойынды ересек адам, я болмаса балалардың үлкені басқарады. Ол алдымен ойынға қатысатын балаларды кең бөлмеге жинап алып, айнала отырғызады да ойынды былай бастайды:

«Ұқыпты – ұтар,

Іздеген – табар.

Оқыған – озар,

Еріншек – тозар», – деп мұқият тыңдап отыруды тапсырған соң, жүргізуші:

—  Кім қалай дауыстай біледі? – деп сұрақ қояды да, оған өзі былай деп жауап береді:

1338869225_miniӘтеш – шақырады,

Есек – аңырайды.

Күзен – шақылдайды,

Бақа – бақылдайды.

Шыбын – ызыңдайды,

Шіркей – ызылдайды.

Торғай – шырылдайды,

Бөдене – пырылдайды.

Қаз – қаңқылдайды,

Бүркіт – шаңқылдайды.

Қарға – қарқылдайды,

Сұңқар – саңқылдайды.

Қой – маңырайды,

Қасқыр – ырылдайды.

Борсық – қырылдайды,

Жылқы – кісінейді.

Сиыр – мөңірейді,

Жылан – ысылдайды.

Кейбір аң пысылдайды,

Ит – арсылдайды.

Доңыз – қорылдайды,

Аққу – сұңқылдайды.

Тышқан – шиқылдайды,

Түйе – боздайды.

Сандуғаш – сайрайды.

Тақпақты айтып болған соң ойынды жүргізуші сол жағына отырған баладан бастап:

— Әтеш қалай дауыстайды? — деп сұрайды.

— Әтеш «ку-ка-ри-ку», — деп жауап береді ойыншы.

        Сосын келесі ойыншыдан:

— Ал есек ше? –деп сұрайды.

— Есек «аң-қш-ақ», — дейді ойыншы.

Ойын осылай жалғаса береді. Дұрыс айта алмаған ойыншы өлең не тақпақ айтып айыбынан құтылады.

1

Сұрақ біткеннен кейін басқарушы ойынның келесі бөлімдеріне ауысады.

– Кәнекей балалар, малды қалай шақыруды салайық! –дейді де, өзі:

Биені – құрулап,

Түйені – көс-көстап.

Сиырды – аухаулап,

Ешкіні – шөрелеп шақырамыз, сауамыз, бағамыз. Өлең аяқтаған соң бұрынғы тәртіппен ойын жүргізуші баладан біртіндеп:

– Биені қалай шақырамыз? – деп сұрайды.

– Биені «құрау–құрау» деп шақырамыз.

– Түйені қалай шақырамыз?

– Түйені көс–көстап шақырамыз.

– Сиырды қалай шақырамыз?

– Сиырды аухаулап шақырамыз.

– Ешкіні қалай шақырамыз?

– Ешкіні шөрелеп  шақырамыз.

Жауап аяқтаған соң жүргізуші: – Ал енді малға суға кім шақырады? — деп сұрайды. Егер балалар әлі кішкентай болса өздері былай деп жауап береді:

Жылқыны – «мох–мох»

Қойды – «пүшет–пүшет»

Ешкіні – «шөре–шөре»

Түйкні – «аухау–аухау»

Итті – «ка–ка»

Тауықты – «шеп–шеп»

Мысықты – «пыш–пыш» деп шақырады.

Ары қарай жүргізуші малды суға қалай шақыратынын бір-бірден сұрап шығады да жауабын толық алған соң:

– Малдың төлдеуін қалай айтады? –деп сұрайды.

Ойынның сөздері балаларға бұрын таныс болмаса әрі олардың жасы тым кіші болса жүргізушінің өзі алдымен айтып береді:

Бие – құлындайды,

Қой – қозылайды,

Сиыр – бұзаулайды.

Ешкі – лақтайды,

Ит – күшіктейді.

Тауық – жұмыртқалайды.

Мысық – балалайды.

Енді жүргізуші бұрынғы тәртіппен ойыншылардан өлеңде айтылған жануардың түрлерін жеке–жеке сұрап шығады.

Сөзді дұрыс жауап бергендер жеңеді де дұрыс жауап бере алмағандар жеңіліп айыбына ән айтып, би билеп береді.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*