Ұшты–ұшты

Бұл ойынды үй ішінде де сыртта да ойнауға болады. Ойынға қатысушылар жүргізушінің сөзін қалт жібермей бағып отыруы шарт, ұшатын зат айтылса, қолдарын жоғары көтереді де, ұшпайтын зат айтылса, тырп етпей отырады. Қателескен балаға айып тағылып ән не тақпақ айтады. Екі рет жаңылса айып салмағы ауырлайды.

Жүргізуші ойынды былай жүргізеді:

–  Ұшы–ұшты сұңқар ұшты! (қол көтеріледі)

– Ұшы –ұшты тұлпар ұшты! (қол көтерілмейді)

– Ұшы –ұшты қарға ұшты! (қол көтеріледі)

– Ұшы –ұшты арба ұшты! (қол көтерілмейді)

– Ұшы –ұшты тарғақ ұшты! (қол көтеріледі)

– Ұшы –ұшты жарғақ ұшты! (қол көтерілмейді)

– Ұшы –ұшты дауыл ұшты! (қол көтеріледі)

– Ұшы –ұшты қауын ұшты! (қол көтерілмейді)

– Ұшы –ұшты үйрек ұшты! (қол көтеріледі)

– Ұшы –ұшты бүйрек ұшты! (қол көтерілмейді)

– Ұшы –ұшты қыран ұшты! (қол көтеріледі)

– Ұшы –ұшты жылан ұшты! (қол көтерілмейді)

– Ұшы –ұшты қызғыш ұшты! (қол көтеріледі)

– Ұшы –ұшты сызғыш ұшты! (қол көтерілмейді)

– Ұшы –ұшты ұзақ ұшты! (қол көтеріледі)

– Ұшы –ұшты тұзақ ұшты! (қол көтерілмейді)

Осылайша жүргізілген ойында жаңылыспаған ойыншы жеңеді.

ұшты

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.