БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 2013 жылдың 8-14 маусым аралығында Көкшетау қаласының маңындағы Красный Яр кенті, «Тұлпар» атшабарында Қазақстан Республикасының ересектер арасындағы Көкпар мен Аударыспақтан — ХІІІ, Қыз қуу мен Теңге ілуден -VІІ  чемпионаты өтеді.

Ұйымдастырушылар: ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, Ақмола облысының әкімдігі.

Өтетін орны: Көкшетау қаласының маңындағы Красный Яр кенті, «Тұлпар» атшабары.

8 маусым, сағат 11.00-де Красный Яр кентінің «Тұлпар» атшабарында баспасөз конференциясы өтеді. Баспасөз конференциясына ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының Бірінші вице-президенті Б.Тілеухан, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының вице-президенті Д. Абдыхамитов, ҚР спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Т.Есентаев, ҚР спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Ұлттық спорт басқармасының бастығы М. Қойшыбаев, ҚР Ақмола облысы әкімдігінің спорт және туризм басқармасының бастығы Н. Патюткина, ҚР «Көкпар» құрама командасының бас бапкері Қ. Құрамаев қатысады. 

8 маусым, сағат 12.00-де чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімі болады. Салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Қ. Сатыбалдыұлы, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасы Ө. Шөкеев және орынбасарлары, ҚР спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Е. Қожағапанов және орынбасарлары қатысады деп жоспарлануда.

Осы Республикалық чемпионат алдында еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларында ұлттық ат спорт түрлерінен облыстық, қалалық жарыстар өткізіліп, жеңімпаздар анықталды. Осы облыстық, қалалық жарыстарда жеңімпаз атанған командалар Көкшетауда өтетін Республикалық чемпионатқа жолдама алды. Чемпионат «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның қолдауымен ұйымдастырылып отыр.   

Мұндай еліміздің барлық облыстары мен қалаларынан толыққанды ат спорты түрлерінен жасақталған командалар жарысы бірінші рет ұйымдастырылғалы отыр. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен ең мықты деп танылған командалар келеді. Көкшетаудағы республикалық чемпионатта «Көкпар» ойынынан үздік шеберлік танытқандар спортшылар арасынан 2013 жылдың қыркүйек айында өтетін «Көкпардан» ашық Азия чемпионатына қатысатын команда жасақталады.

Қазіргі таңда ұлттық спорт түрлеріне мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлініп отыр. Қазақтың болмысы мен мәдениетінің ажырамас бөлігі – ұлттық спортымызға «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік Қоғамы тарапынан үлкен қамқорлық көрсетіліп келеді. Соның арқасында ұлттық спортымыздың түрлерінен жер-жерде чемпионаттар өткізіліп, бүгінде ересектер арасында көкпар мен аударыспақтан  ХІІІ, қыз қуу мен теңге ілуден VІІ  республикалық чемпионат өткізілгелі отыр. Дегенмен, осы ұлттық спорт түрлерін жалпыхалықтық деңгейге жеткізу, жастарымыздың қызығушылығын арттыруда ақпарат құралдары тарапынан насихат жұмыстары жетіспей жатыр. Сол себепті, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы ұлттық құндылығымыз ұлттық спортты дамыту және насихат жұмысын арттыруда бұқаралық ақпарат құралдарын бірлесіп жұмыс істеуге шақырады.

Іс-шара өтетін жерге БАҚ өкілдерін жеткізу, алып қайту үшін арнайы көлік қамтамыз етіледі.

ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының

Баспасөз қызметі

8717 2 42-15-10

8701 227 47 85

8702 555 81 82

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*