Аламан бәйгенің өтетін орны мен жүлде қоры белгілі болды

Бүгін ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығында 14-қыркүйек күні аламан бәйгеден өтетін турнирдің дайындық барысы талқыланды.

Ұйымдастырушылар турнирдегі  қауіпсіздік шараларына баса назар аударып отыр. Себебі, жүзден жүйрікті анықтайтын 43 шақырымдық бәйгеде жылқыға да, сол қашықтыққа шыдап беретін шабандозға да ауыр тиетіні анық.

image-18-08-14-07-04-10

Тағы айта кететіні, республикалық «Алтын тұлпар»  турнирі Астанадан 30 шақырымға жуық қашықтықта орналасқан Қабанбай батыр ауылының аумағында өтетін болып шешілді. Бәйге ұлттық спортының мамандарына қала маңынан 43 километр жер бедерінің түрлі жерінен өтетін жарыс жолын таңдауға оңай түскен жоқ.

image-18-08-14-07-04-3image-18-08-14-07-04-4

Сонымен бірге, бәйгенің бекітілген Регламенті бойынша, қатысушы ат үшін 95000 (тоқсан бес мың) теңге жарна төлеуі тиіс. Аламан бәйгенің бас жүлдесі  10 млн теңгені құрап отыр. Ал, жарнадан түскен қаржы мәреге жеткен алғашқы сегіздікке таратылады.

image-18-08-14-07-04-23image-18-08-14-07-05-3

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*