Тай жарыс

Қазақ халқы ат жарысын жалпылай «ат бәйгесі» деп атағанымен, оның өткізілу ережесі, ұйымдастырылу көлемі, маңыз-мақсатына қарай «тай шабыс», «құнан шабыс», «ат шабыс», «жорға жарыс», «аламан бәйге» деп бірнеше түрге бөледі. Егер де әрқайсысына тоқталар болсақ, жеке-жеке әңгімеге арқау болары анық. Сондықтан, соның алғашқысынан бастауды жөн көріп отырмыз.

Тай шабыс

тай жарыс (3)

Тай шабыс – әр түрлі басқосулар мен той-мерекелерде жиі өткізілетін,  әсіресе, бозбалалар ерекше қызығып өткізетін көңіл ашар іс-шарасы. Сондай-ақ, болашақ аламан бәйгелерде шабатын тұлпарлар мен дүлдүлдерді анықтау, оларды байқау, сынау жарысы.

Бұл жарыс өз ішінен «қара жарыс» және «аламан» деп екі түрге бөлінеді. «Қара жарыс», әдетте, «аламанға» тай таңдау, тай іріктеу жарысы есептеледі. Бұл жарысқа кім де кімнің «осы тайым жүйрік болады-ау» деп үміттеніп жүрген тайларын түгел қатыстырып сынап көруіне болады. Тайлары сыннан өтсе «аламанға» қатыстырып, озып келсе бәйге алады.

Ал, «аламан» бәйге болса, ол ресми түрде өткізілетін өзіндік заң-ережесі бар, жүлдесі бар жарыс. Бәйгеге қатыстырылатын тайлар жарыс алдында міндетті түрде ұйымдастырушылардың тізіміне еніп, төрешілер мен ат айдаушылардың бақылауынан өткізіліп, озып келгендерге ресми бәйге беріледі.

Тай шабыс әдетте 10-15 км аралыққа шаптырылады. Сөренің алдында тай иесі белгілі, өң-түсі анықталған тізім бойынша ат айдаушылар оларды алдарына салып, жарыс басталады деп белгіленген жерге қатарлап тізіп қойып түгендейді. Осыдан соң ғана бір уақытта барлығына жарыс бастау бұйрығын беріп қоя береді. Жолда бақылаушылар оларды жол бойы бақылап отырады. Қайсы тай мәреге бұрын келсе, сол жүлдегер болып, бәйге алады. Егер жолда әлдекім жарыс тәртібіне қайшы келетін қаралық істеген болса, жүлдегерлігінің күші жойылып, екінші келген шабандоз жүлдегер болып есептелінеді.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*