Францияда ат спортының әлемдегі ең ірі жарысы басталады

Ертең Францияның Кан қаласында әр 4 жыл сайын өткізілетін «Бүкіләлімдік ат спорты ойындары» (World Equestrian Games) басталады. Қазақстанның атынан аталған жарыстардың квалификацияларында чемпион атанып жүрген Маңғыстау өңірінің жүйріктері қатыстады. Отандастарымыз бұл ойындарға кіретін 8 ат спорты түрінің ішінде қазақтың ұлттық ат спорт түрі аламан бәйгеге ұқсайтын «Endurance»-тан (ағылшын тілінен аударғанда — төзімділік, шыдамдылық) жарыспақ. Атап айтсақ, еліміздің мына шабандоздары бәсекеге түседі:

  1. «Жезкиік» атты тұлпар, шабандоз – Қойшиев Азат;
  2. «Дойдан» атты тұлпар, шабандоз – Наталья Долгих;
  3. Мықырбаев Бұғабайдың «Шабдарқасқасы», шабандоз – Мықырбаев Бектас;
  4. Бағдабаев Аманғалидің «Жасқанаты», шабандоз – Етреков Әбіш;
  5. Сергей Буйкевичтің араб тұқымдас «Арабы»;
  6. Ратов Сисеннің «Ойлысы», шабандоз – Қойшиев Есенаман;

image-c-900-295

«Endurance» спорт түрі бойынша, шабандоздар белгіленген бағытпен бір күннің ішінде 160 шақырымға шабады. Әлбетте, мәреге алғашқылардың бірі болып жету тікелей арғымақтың денсаулығы мен бабына байланысты екені айдан анық. Сондықтан, қатысушы тұлпарлардың денсаулығы ветеринар-дәрігерлердің қатаң бақылауында болады.

схемасы 160

Ал қазақ тұқымды жылқылар, соның ішінде адай жылқылары ағылшын не араб тұқымды аттарға қарағанда ұзақ қашықтыққа төзімдірек келеді. Мәселен, Маңғыстау өңірінде былтыр өткен 50 шақырымдық аламан бәйгеде адай жылқылары мынадай көрсеткішке жеткен болатын:

  • 1-ші орынды Келбетов Ұзақбайдың «Қаршыға» атты тұлпары 1 сағат 27 минутта;
  • 2-ші орынды  Шебір ауылынан болатын Махамбет Көбесовтың аты «Айтөбелі» 1 сағат 36 минутта;
  • 3-ші орынды  Қызылөзен ауылынан Аралбаев Батырхожаның «Хантеңгесі» 1 сағат 38 минутта.

Ал биылғы 50 шақырымдық бәйгенің нәтижесі мынадай:

  • 1-ші орынды Идрисов Азбанның аты «Қарақұс» 1 сағат 30 минутта
  • 2-ші орын Аралбаев Жылқыбек қосқан Қызылөзеннен «Хантенге» атты сәйгүлік 1 сағат 32 минутта,
  • 3-ші орынды Алиев Нұрбақыттың Тұщықұдық ауылынан келген «Қаракері» 1 сағат 41 минутта келді.

456 1222

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.