Аламан бәйге

Аламан бәйге cалтанатты тойда, дабыралы мерекеде өткізілетін қазақ халқының дәстүрлі ат спортының бірі, кең көлемде ұйымдастырылатын ең ірі ат жарысы. Аламан бәйгенің ат бәйгеден ерекшелігі: бәйге шабылатын жер қашықтығы 40 шақырымнан кем болмайды. Ат шабатын жолда кесіп өтетін су, айналып өтетін көл, сай-жылға, бел-белес, жыра мен жар, сусыма тайғақ кешулердің болатыны табиғи.

вавава

Аламан бәйгенің тағы бір ерекшелігі жүлде қорының мол болуында. Атағы алты алашқа жайылған аламан бәйгелердің жүлдесіне үйір-үйір жылқы, қора-қора қой, жамбы, аршын шұға берілетін болған. Айталық, атақты Сағынайдың асына 1300 ат шапқан. Бас бәйге 500 жылқы, 1000 қой бәйге берілген.

Сондай-ақ, шабатын аттың көптігі, жердің шалғайлығына байланысты, оның тәртібі де өте қатаң болады. Аламан бәйгені өткізуге арнаулы бір басқарушы адам тағайындалады және жұрт мойындаған атбегілерден екі төреші және халықтың көрсетуімен екі бақылаушы, екі ат айдаушы, екі даяшы белгіленіп, ат шабыстың сәтті өткізілуіне сол адамдар бастан-аяқ жауапты болады. Одан сырт, жарыс ұйымдастырушылар жағынан белгіленген «ат ұстаушылар» бәйгені күтетін мәреде қолдарына жазып ұстатқан рет нөмерлері бойынша тізіліп тұрады. Бірінші ат келгенде бірінші адам, екінші ат келгенде екінші адам тұрып бәйгелердің шаужайынан ұстап, шабандоздардың қолына рет нөмерлерін ұстатады. Жарыс соңында шабандоздар қолындағы сол рет нөмерлері бойынша өздеріне тиісті жүлделерін алады.

151515«Аламан бәйге» басталар алдындағы тізім бойынша бәйгеге қатыстырылатын аттар түрі, түсі бойынша ат айдаушылар мен бақылаушыларға бір-бірден өткізіп беріледі. Ат айдаушылар бәйге аттарын  жарыс басталады деп белгіленген жерге айдап апарады. Одан соң барлығын бір уақытта «бастаңдар» деген бұйрық беріп қоя береді.

Жолда оларды бақылаушылар қадағалап отырады. Атқа мінген шабандоздар қолдарына орамал байлаған қамшы ұстайды. Онымен жолда аттарының көзінің терін сүртеді. Бұл жарыста да мәреге ең бұрын келгені жүлдегер болып, қалғаны келу реті бойынша екінші, үшінші болып, тиісті бәйгелерін алады.

3 комментария

  1. http://lcas.me/images/logomp3.png
    mile ho tum tony kakkar mp3 download t fest мама разрешила скачать скачать бункер нас завет beliy x hamm доза твоих губ скачать скачать музыку post malone rockstar ft 21 savage crankdat re crank rudy mancuso black and white скачать
    по этой ссылке

  2. http://songfor.net/images/hlogo.png
    ojevaj srbijo mp3 дискофония слушать m1ster xэ сакачать гнойный фиксики push push like a слушать песню скачать музику згорила хата tez cadez айбек алиынай tulpor abdulkarim холодный дождь mp3 skachat whatsapp 055/506/22/92
    приведенная ссылка

  3. http://zimsongs.com/img/zimsongs.png
    азазло я хочу скачать песню булкина и булкин кейс заибись музыка акутала меня половина маня скачать скачатб песню с тучки на тучку op eroina скачать akmal xolxodjayev 2017
    ссылка на источник

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.