«Алтын тұлпар» республикалық турнирі өтеді

Астана қаласының маңында 14 қыркүйек күні «Нұр Отан» партиясының ХV жылдығына арналған 43 шақырым қашықтықта аламан бәйгеден «Алтын тұлпар» республикалық турнирі өтеді. Жарысқа еліміздің 14 өңірі мен, Астана — Алматы қалаларының әрқайсысы 10 бәйге аттарын қатыстыруға рұқсат етілген. Яғни, аламан бәйгеде Қазақстан бойынша қатаң іріктеуден өткен 160 тұлпар бәсекеге түседі.

«Алтын тұлпар» турнирінің ережесі бойынша, бәйгеге аттардың барлық тұқымдары қатыстырылып, жасы 12-ден асқан шабандоздар ғана жарысқа жіберіледі. Шабандоздың сонымен бірге атты басқаруға икемі бар, арнайы дайындықтан өткен және ата-анасының заңды рұқсаты болуы шарт. Жарыс ережесінде бекітілгендей, бәйгеге қатысушы қыркүйек айының 8-не дейін өтінім беруі тиіс.

kazradio.kz/kz

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*