Ақ терек пен көк терек

Ақ терек пен көк терек ойыны жасөспірімдерді тездік пен өжеттікке дағдыландырады.

Бұл ойынды ойнау үшін ойыншылар екі топқа бөлініп, қатар тізіліп, бір-бірінің қолдарын ұстап, қарама-қарсы қарап тұрады. Әр екі жақ өздеріне бірден басшы сайлайды. Әр екі жақтың басшысы нені айтса басқалары еріп соны айтады.

Бірінші жақтың басшысы екінші жақтың басшысына қарап:

Ақ терек, көк терек,

Кесіп алдым бәйтерек.

Таңдап алу еркіңде,

Бізден сізге кім керек — дейді, екінші жақтың басшысы бірінші жақтың басшысына жауап береді:

Өзі шебер өнерлі,

Барлық істе өнерлі.

Оқуда да жақсы екен,

Бізге … сол керек — дейді. Аты аталған бала өз тобынан шығып, қарсы жақта қол ұстасып, қарсы алып тұрған балақайларға қарсы жүгіреді. Бар қарқынымен жүгіріп келіп, мықтап жалғасқан балалардың тобын бұзып өтуі керек. Бұзып өте алмаса, осы топқа қосылады. Өстіп, ойын жалғасып, енді екінші жақтың басшысы бірінші жақтың басшысына қарап:

ак терек пен көк терекАқ терек, көк терек,

Кесіп алдым бәйтерек.

Таңдап алу еркіңде,

Бізден сізге кім керек- дейді

Бірінші жақтың басшысы:

Көп таныған белгілі,

Барлық істе үлгілі.

Таңдап алсақ сіздерден.

… бізге сол керек — дейді, осы аты аталған бала да, алдыңғы баланың істегенін істейді. Ойын осылайша жалғасып, бірінің баласын бірі ұтып, ақырында қайсы жақ көп ұтып алса, сол жақ ұтқан болып, ұтылған жақ өнер көрсетеді.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*