Ата заңның құрметіне ат жарыс өтті

Жуырда Алматы облысы Жамбыл ауданындағы «Көкбастау» ипподромында Конституция күніне орай Президент Кубогына ұлттық ат спорты түрлерінен жарыс өтті деп хабарлайды zhetysu.gov.kz.

Ән-шашумен басталған шарада облыс әкімі Амандық Баталов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Облыс басшысының айтуынша, биылғы жылы өңірде ұлттық ат спорты түрлерін дамытуға жергілікті бюджеттен 43,8 млн. теңге бөлінген.W020110516600622351513

Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған тұлпарлар 11 шақырымдық құнан бәйге, 9 шақырымға жорға жарыс, 16 шақырымдық топ бәйге, 25 шақырымға аламан бәйгеде бақ сынасуда. Сонымен қатар қыз қуу, аударыспақ, теңге ілу ойындары да жарыстың көрігін қыздырады. 
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға 7 автокөлік, ақшалай сыйлықтар мен диломдар беріледі.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*