Шолпан-атада ІІ «Салбурын» халықаралық фестивалі басталды

Бүгін Қырғызстанның Шолпан-ата қаласында  «Бүкіләлемдік көшпенділер ойындарының» ІІ «Салбурын» халықаралық фестивалі басталды. Осы фестиваль аясында Азия-Африка құсбегілер федерациясының конференциясы өтуде. Бұл іс-шараға ҚР ҰСТҚ атқарушы директоры Ерлен Оспанов қатысты.

image-04-09-14-11-26

Естеріңізге сала кетсек, ұлттық спорт жарыстары Ыстық көл жағасындағы Шолпан-ата қаласында 8-14 қыркүйек аралығында өткізілетіні туралы хабарлаған болатынбыз.

Аталған іс-шара аясында «Кок бору», «Тогуз коргоол», «Кыргыз курошу», «Алыш», «Оодарыш», «Ат чабыш», «Жорго салыш», «Кунан чабыш», «Ордо», «Кыз куумай» спорт түрлері бойынша жарыс өтеді. Аударыспақ, тоғызқұмалақ, қазақ күресі сияқты ұлттық спорт түрлерінен  байрақты бәсекеге білекті де жүректі спортшыларымыз аттанды.  Ел намысын көкке көтерер спортшыларымызға жеңіс тілейміз!

image-04-09-14-11-26-3

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.