Бедері бөлек бесік

Бесіктің қазақ ұғымындағы мағынасы өте кең. «Тал бесіктен жер бесікке шейін» деп, адам ғұмырын бесік сөзімен байланыстырады. Тіпті, туған жерді «алтын бесікке» теңейтіні тағы бар. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп, ұлы Мұхтар текке айтпаған болу керек. Ел болдық. Рухани бесігіміздің түзелгенін қайдам, әйтеуір, бір білетініміз, тура мағынасындағы бесігіміздің өзгеше жаңа сипатпен, заманауи технологиямен жабдықталған түрінің пайда болуы. Айтайық дегеніміз, Астанадағы Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің магистранты Серікбол Шәймарданның электронды бесік ойлап тапқандығы хақындағы аз-кем сөз.IMG_0435

Естеріңізде болса, осыдан біраз бұрын БАҚ өкілдері жарыса жазған тақырыптың бірі Серікболдың бесігі төңірегіндегі ақпарат еді. Ол ақпараттардың дені Өнертапқыштың «Электронды бесік ойлап тапқаны, сондай-ақ, оның ерекшеліктерімен таныстыруы» жайында болатын. Ал, бүгінгі шүйіншілі мақаламыздың басты ойы, аталған бесіктің ерекше дизайнмен құрастырылған, сатылымға дайын түрін жұртшылыққа таныстыру.

 IMG_0436

Smart  бесіктің дәстүрлі бесікке қарағанда өзгеше ерекшеліктері бар көрінеді. Бұл жайында Өнертапқыштың өзі не дейді?:

 Бала жыласа, өздігінен тербеледі. Екінші, уақыттың шек қоюы арқылы тербетуге болады. Үшінші, алыстан басқаруға болады, басқарғыш арқылы. Төртінші, бала дәретке отырса, сигнал береді. Бесінші, егер баланың көрпесі ашылып қалатындай болса, оған да сигнал береді. Сол сияқты көптеген ерекшеліктері бар, жалпы. Сол себепті ұлттық бесікті электронды түрге енгіздім.

Жаңа дизайнмен жасалған жайлы да әсем әуенді ақылды бесіктің бағасы да қол жетімді. Яғни,34 – 110  теңгені құрайды.IMG_0424

Бұған дейін де бір неше патенттік құқықтың иесі атанған Өнертапқыш, ақылды бесіктің де патентін Әділет минстрлігі, зияткерлік меншік құқығы комитетінен заңдастырыпты.

Өнертапқыш Серікбол Шаймарданның арқасында қаншама жас аналардың жұмысы жеңілдеді. Сонымен бірге, бұл ұлт ғылымына қосылған сүбелі еңбек. Өз тарапымыздан, өнерің өрге жүзсін, жас өнертапқыш дегіміз келеді.

Құрманғазы Жұмағұл

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*