Аламан бәйгеден «Алтын тұлпар» республикалық турнирінің баспасөз парақшасы

Астана қаласы маңындағы Қабанбай батыр ауылы аумағында қыркүйек айының 14-күні «Нұр Отан» партиясының қолдауымен өткізілетін 43 шақырымдық аламан бәйгеден  «Алтын тұлпар» республикалық турнирі өтеді.

Турнирге республикамыздың барлық 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларының әрқайсысынан 10 бәйге ат бәсекеге түседі деп жоспарлануда. Жарысқа аттардың барлық тұқымдары қатыстырылады.

«Алтын тұлпар» аламан бәйгесінің жүлде қоры да қомақты. Мәреге алғашқы жеткен 9 тұлпарға қаржылай жүлде беріледі. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы атынан аты аңызға айналған Құлагер, Байшұбар, Қубас, Қарақасқа, Ақтабан, Боз ауыз, Тайбурыл, Көкбурыл, Шалқасқа, Тарлан атты номинациялары бойынша диплом және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

Осы шара аясында «ат сыншысы» байқауы ұйымдастырылады. Ата дәстүрін жалғап, шын жүйрікті жазбай таныған сыншыға «Толыбай сыншы», «Күреңбай сыншы», «Кейхауыс сыншы» атындағы арнайы  жүлделер тағайындалған. Сондай-ақ, ұлттық жәдігерлер көрмесі мен ұлттық қөлөнер шеберлерінің шеберхана көрінісі ұйымдастырылып, ат тағалаушы шеберлердің жарысы өтеді.

Турнирді «Нұр Отан» партиясы қолдауымен ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі өткізеді. «Алтын тұлпар» турнирінің бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры.

Аламан бәйгенің өтетін орны: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Астанадан 30 шақырым қашықтықта орналасқан Қабанбай батыр ауылының аумағы (Қосшыдан кейінгі ауыл). «Asia Park» ойын-сауық орталығынан автобустар қатынайды. Автобус сағат 10.00-де жолға шығады.

Турнирдің өтетін уақыты: 14 қыркүйек, 2014 жыл

11-00: «Алтын тұлпар» аламан бәйгесінің салтанатты ашылуы;

11-10: Бәйгенің басталуы;

14-00: Мерекенің салтанатты жабылуы және жеңімпаздарды марапаттау

Қосымша мәліметтерді ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ресми сайтынан (www.ulttyqsport.kz) таба аласыздар.

Жиынға қатысатыныңызды растауыңызды сұраймыз.аиваи

Байланыс телефондары: 8(707)8550586 – Абзал Қалиев

                                                     8(701)1732376 – Айгерім Нұрмағанбетова

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*