Baq.kz: Астанада «Алтын тұлпар» аламан бәйгесі өтеді

Турнирге республикамыздың барлық 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларының әрқайсысынан 10 бәйге ат бәсекеге түседі деп жоспарлануда. Жарысқа аттардың барлық тұқымдары қатыстырылады деп күтілуде.

«Алтын тұлпар» аламан бәйгесінің жүлде қоры да қомақты. Мәреге алғашқы жеткен 9 тұлпарға қаржылай жүлде беріледі. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы атынан аты аңызға айналған Құлагер, Байшұбар, Қубас, Қарақасқа, Ақтабан, Боз ауыз, Тайбурыл, Көкбурыл, Шалқасқа, Тарлан атты номинациялары бойынша диплом және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

Осы шара аясында «ат сыншысы» байқауы да ұйымдастырылмақ. Ата дәстүрін жалғап, шын жүйрікті жазбай таныған сыншыға «Толыбай сыншы», «Күреңбай сыншы», «Кейхауыс сыншы» атындағы арнайы жүлделер тағайындалған. Сондай-ақ, ұлттық жәдігерлер көрмесі мен ұлттық қөлөнер шеберлерінің шеберхана көрінісі ұйымдастырылып, ат тағалаушы шеберлердің жарысы өтеді.

Аламан бәйгенің өтетін орны: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Астанадан 30 шақырым қашықтықта орналасқан Қабанбай батыр ауылының аумағы (Қосшыдан кейінгі ауыл).

Турнирдің өтетін уақыты: 14 қыркүйек, 2014 жыл

11-00: «Алтын тұлпар» аламан бәйгесінің салтанатты ашылуы;

11-10: Бәйгенің басталуы;

14-00: Мерекенің салтанатты жабылуы және жеңімпаздарды марапаттау

baq.kz

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*