Аламан бәйгенің бас жүлдесі: 10 млн теңге

Бүгін ҚР ҰСТҚ ұжымы және оның басшылары, сондай-ақ, жауапты мамандар Астана қаласы маңындағы Қабанбай батыр ауылы аумағында кездесті, деп хабарлайды ulttyqsport.kz.IMG_0597Мұнда аламан бәйгеден «Алтын тұлпар» республикалық турнир өтетін орын мен этноауылдың орналасатын жері тұрақтанды. Яғни, аталған шараға қызу дайындық басталып кетті.

3д

Естеріңізге сала кетсек, қыркүйектің 14 күні аламан бәйгеден «Алтын тұлпар» республикалық турнир өтеді. Аталған турнирге 14 облыс және Астана, Алматы қалаларының әр қайсысынан 10 жүйріктен қатысады. Іріктелген 160 ат шабатын мұндай деңгейдегі аламан бәйге елімізде тұңғыш ұйымдастырылып отыр. Бұл аламан бәйге әдеттегі ат жарысқа  қарағанда шабар жолы ұзақ, жер бедерінің ойлы-шұңқыр болуымен ерекшеленеді.  Сонымен бірге, жүлде қоры да қомақты. Яғни, бас бәйге 10 000 000 теңгені құрайды.

Сондай-ақ, аталған шара аясында әртүрлі ұлттық құндылықтарымыз ұлықталады. Айталық, ат тағалау, өрімшілік сияқты қолөнер шеберлерінің байқауынан өзге, жадымыздан жоғалып бара жатқан ат сыншылығы қайта жаңғырғалы отыр.

«Шын-ақпарат»

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*