Аламан бәйгеден республикалық турнир аясында ат сыншысы байқауы ұйымдастырылады

Астана қаласы маңындағы Қабанбай батыр ауылы аумағында қыркүйек айының 14-күні «Нұр Отан» партиясының қолдауымен өткізілетін «Алтын тұлпар» республикалық турнирінде ат сыншысы байқауы ұйымдастырылады, деп хабарлайды Қазақпарат агенттігі.

Атап айтқанда, ата дәстүрін жалғап, шын жүйрікті жазбай таныған сыншыға «Толыбай сыншы», «Күреңбай сыншы», «Кейхауыс сыншы» атындағы арнайы жүлделер тағайындалған.

43 шақырымдық аламан бәйгеге еліміздің барлық 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларының әрқайсысы 10 бәйге аттан қатыстырып, бәсекеге түседі деп жоспарлануда. Жарысқа аттардың барлық тұқымдары қатыстырылады.

«Алтын тұлпар» аламан бәйгесінде мәреге алғаш болып жеткен 9 тұлпарға жүлде беріледі. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері аты аңызға айналған Құлагер, Байшұбар, Қубас, Қарақасқа, Ақтабан, Боз ауыз, Тайбурыл, Көкбурыл, Шалқасқа, Тарлан ат номинациялары бойынша диплом және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

Сондай-ақ ұлттық жәдігерлер көрмесімен ұлттық қөлөнер шеберлерінің шеберхана көрінісі ұйымдастырылып, ат тағалаушы шеберлердің жарысы өтеді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығынан.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*