Бүкіләлемдік Көшпенділер ойындарында Амангелді Сатыбалдинов жеңімпаз атанды

Бұл күндері Қырғызстанның Шолпан-ата қаласында алғаш рет ұйымдастырылған «Бүкіләлемдік көшпенділер ойындарында» қазақстандық балуан Амангелді Сатыбалдинов қырғыз күресінен алтын жүлдені қанжығасына байланды — деп хабарлайды sk-sport.kzahdbjhb_thb_610x350x2

60 келіде белдесетін Амангелді Сатыбалдинов ақтық сында кілем қожайыны Бектурсун Толошуулуынан басым түсіп, жеңімпаз атанды.

Амангелдімен қатар, финалға өткен тағы бір отандасымыз Алмат Тойбағаров 74 келіге дейінгі белдесуде  Дуулат Момбековке жол беріп қойып, күміс жүлдені қанағат тұтты.

Бұл сынға сақадай-сай дайындалып барған Қазақстан құрамасы қырғыз күресімен қатар, аударыспақ және тоғызқұмалақ,сияқты ұлттық спорт түрлерінен сайысқа араласуда.

Ыстық көл жағасында өтіп жатқан бұл сайысқа Түркия, Ресей, Қазақстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Ресей, Қытай Халық Республикасы, Түркіменстан елдерінен келген спортшылар қатысып жатыр.

Қатысушылар «Кок бору», «Тогуз коргоол», «Қыргыз курошу», «Алыш», «Эр Эниш», «Кунан чабыш», «Жорго салыш», «Кунан чабыш», «Ордо», аламан бәйге, қазақ күресі секілді спорт түрлері бойынша жарысқа түсуде.

Көшпенділер ойыны 14-қыркүйекке дейін жалғасады.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*