Астана маңында аламан бәйгеден дүбірлі дода өтпек

Астана маңында аламан бәйгеден дүбірлі дода өтпек

Қыркүйек айының 14-күні Астанадан 30 шақырым қашықтықта орналасқан Қабанбай батыр ауылының аумағында аламан бәйгеден «Алтын тұлпар» республикалық турнирі өткізіледі — деп хабарлайды sk-sport.kz.

Аталмыш турнирге республикамыздың барлық 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларының әрқайсысынан 10 бәйге ат бәсекеге түспек. Жалпы саны 160-қа жуық қатысушы сынға түседі жоспарлануда.

Аламан бәйгенің жүлде қоры да қомақты, мәреге бірінші болып жеткен  9 жылқыға қаржылай жүлде беріледі. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы атынан аты аңызға айналған Құлагер, Байшұбар, Қубас, Қарақасқа, Ақтабан, Боз ауыз, Тайбурыл, Көкбурыл, Шалқасқа,Тарлан атты номинациялары бойынша диплом және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

Сонымен қатар, мұнда «Ат сыншысы» байқауы да ұйымдастырылмақ. Шын жүйрікті жазбай тани білетін сыншыға «Толыбай сыншы», «Күреңбай сыншы», «Кейхауыс сыншы» атындағы арнайы  жүлделер табысталынады.

Сондай-ақ, ұлттық жәдігерлер көрмесі мен ұлттық қөлөнер шеберлерінің шеберхана көрінісі ұйымдастырылып, артынша ат тағалаушы шеберлердің жарысы өтеді.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.