«Алтын тұлпар» аламан бәйгесінің баспасөз мәслихаты өтті

4 Бүгін Астанада аламан бәйгеден «Алтын тұлпар» республикалық турнирінің баспасөз мәслихаты өтті. Аламыш басқосуға Мәдениет және спорт вице-министрі Т.Есентаев, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының призденті Б.Тілеухан, «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты басшысының орынбасары Қ.Жұмашев, «Алтын тұлпар» республикалық турнирінің Бас төрешісі Р.Сәттібаев қатысты.

1

Баспасөз мәслихатында аламан бәйгеден «Алтын тұлпар» республикалық турнирі туралы журналистердің көкейіндегі сұрақтарына жауап берілді. Турнирді ұйымдастырушылар аталған іс-шараны өткізуге дайын екендігін жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айының 14-күні Астана қаласы маңындағы Қабанбай батыр ауылы аумағында «Нұр Отан» партиясының қолдауымен өткізілетін 43 шақырымдық аламан бәйгеден  «Алтын тұлпар» республикалық турнирі ұйымдастырылады.2

«Алтын тұлпар» аламан бәйгесінің жүлде қоры да қомақты. Мәреге алғашқы жеткен 9 тұлпарға қаржылай жүлде беріледі. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы атынан аты аңызға айналған Құлагер, Байшұбар, Қубас, Қарақасқа, Ақтабан, Боз ауыз, Тайбурыл, Көкбурыл, Шалқасқа, Тарлан атты номинациялары бойынша диплом және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

Осы шара аясында «ат сыншысы» байқауы ұйымдастырылады. Ата дәстүрін жалғап, шын жүйрікті жазбай таныған сыншыға «Толыбай сыншы», «Күреңбай сыншы», «Кейхауыс сыншы»атындағы арнайы  жүлделер тағайындалған. Сондай-ақ, ұлттық жәдігерлер көрмесі мен ұлттық қөлөнер шеберлерінің шеберхана көрінісі  ұйымдастырылып, ат тағалаушы шеберлердің жарысы өтеді.

ҰСТҚ-ақпарат

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.