«АЛТЫН ТҰЛПАР» АЛАМАН БӘЙГЕДЕ қазмойынды қазақы аттардың қарасы көп

«Ішсе сусын, жесе тамақ, мінсе көлік» жылқы баласы, ежелден ұлтымыздың жеті қазынасының бірі есептеліп, ерекше қадір тұтылады. «Ер қанаты – ат» деп, абыройын асқақтатады. Не бір бұра сан, бота тірсек сайгүліктерді сайлап мініп, тақымға толар тарланын таңдап додаға түседі.  Бабы келген кіл жүйрікті қылқитып әкеліп, бәйгеге қосады. Осының бәрі бір сөзбен айтқанда, ұлтымыздың ұлағатты дәстүрі, салты.  Көшпелілер мәдениетінің көркем үлгісі, ат үстіндегі қазақтың қайсар рухынан көрінеді десек, қателеспейміз. Ұланғайыр дала төсін тұлпарының тұяғымен дүбірлеткен бабаларымыз жүріске шыдамды, мініске төзімді, қашса құтылар, қуса жетер қазақы қазан аты мен жабы жылқысын тұрмыс-тіршілігіне пайдаланғаны белгілі.mwq9b0mq-копия-780x400

Бүгінгі таңда қазақы жылқы тұқымына ерекше көңіл бөлінуде. Арабы торы, ағылшын ши аяғы, Түркімен ақалтекесі дегендерден гөрі, Адайдың көкмойнағы, қостанай жылқы тұқымы, қазмойынды қазанаттарын баптап бәйгеге қосып, алаштан ат оздырып жүрген азаматтар жетерлік.

Нақты деректерге сүйенсек, қыркүйектің 14 күні өтетін аламан бәйгеден «Алтын тұлпар» республикалық турниріне қатысатын аттардың  10 пайызы таза қанды ағылшын және араб тұқымды жылқылар болса, 40 пайызы жергілікті қазақы аттар. Осы қазақы аттардың құрамын  қостанай тұқымды, жабы тұқымды және қарабайыр қазақы аттар толықтыруда. Ал қалған 50 пайызы асыл тұқымды жылқылармен будандастырылған жергілікті жүйріктер екені белгілі болып отыр.

  Соңғы жылдары жергілікті жылқылармен будандастырылып шығарылған аттарды өсіруге баса  назар аударылып келеді. Өйткені, олар таза қанды аттардың ұшқырлығын, жергілікті аттардың климатымызға бейімділігі мен төзімділігін алуда.  Сонымен бірге,  олар ұлттық спортта жақсы нәтиже көрсетіп жүр.

Құрманғазы Жұмағұлұлы

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.