Құсбегілік әлем назарында

Кеше ҚР ҰСТҚ президенті Бекболат Тілеухан Халықаралық Бүркітшілер қауымдастығының (IAF) президенті Адриано Ломбардпен кездесті. Басқосуда Қазақстандағы құсбегілік өнерінің қазіргі жағдайы мен өзекті мәселелері талқыланды.

Кездесуге сонымен бірге, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының вице-президенті Дәурен Әбдіхамитов, Халықаралық Бүркітшілер қауымдастығының (IAF) вице-президенті Бақыт Қармақбаев пен «Бүркітші» федерациясының атқарушы директоры В.Земблевский қатысты.image-11-09-14-14-11

Еліміздегі қыран құстардың жай-күйі қандай, заң жүзінде олар қаншалықты қорғалған? Бұл жиында осы және т.б. көптеген сауалдарға жауап іздеп, түйткелді мәселердің түйіні тарқатылды. Мамандардың айтуынша, елімізден араб елдеріне құстарды заңсыз әкеткен броконьерлік әрекеттер көптен кездеседі. Сөз кезегінде Б.Тілеухан: «Шынын айтқанда, бүркіт әлемде өте сирек кездесетін құс. Сондықтан, бүркіттердің жойылып кету қауіпін заңнамалық тұрғыда реттегеніміз абзал», – деді. Қауымдастыққа табиғатты қорғау мемлекеттік құрылымдары мен зооинституттармен бірлесіп жұмыс атқару бойынша тапсырмалар беріліп, міндеттер жүктелді.

image-11-09-14-14-11-15

Осы мәселеге байланысты тараптар биыл қазан айына Алматы қаласында халықаралық конференция ұйымдастыруға келісті. Ұйымдастырушылар жоспарланған аталмыш конференцияда шетел құсбегілері, ғалымдары мен мамандары әлемдегі ең озық тәжірибелер мен құстарды қорғаудың заңнамалық үлгісін дайындауға және басқа да көптеген сұрақтардың басын қайыратынына сенімді.

Мәртебелі мейман ҰСТҚ президентінің Астанаға арнайы шақыртуымен келген. Бір қызығы, Адриано Ломбардтың бұл Орталық Азияға келген алғашқы сапары екен.

Кездесу соңында қауымдастықтың құрметті қонағы Адриано Ломбард құсбегілік өнердің еліміздің аумағынан, яғни, біздің ата-бабаларымыздан тарағанын жеткізді. Сондай-ақ, екі жақ бұдан бұлай құсбегілік өнердің ұлықталуында тізе қоса жұмыс атқаруға уағдаласты.

Абзал ТЕМІРБЕКҰЛЫ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*