Ұлттық ат спорты түрлерінен республикалық чемпионат өтеді

11111

АСТАНА. 4 маусым 2013, 15:32. BNews.kz

 2013 жылдың 8-14 маусым аралығында Көкшетау қаласының маңындағы Красный Яр кенті, «Тұлпар» атшабарында Қазақстан Республикасының ересектер арасындағы Көкпар мен Аударыспақтан — ХІІІ, Қыз қуу мен Теңге ілуден VІІ  чемпионаты өтеді деп хабарлайды Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының баспасөз қызметі.

Аталмыш чемпионатты ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы және ҚР Спорт және денешынықтыру агенттігімен бірлесіп өткізгелі отыр.

Ескере кететін бір жайт, республикамыздың барлық облыстары мен қалаларынан толыққанды ат спорты түрлерінен жасақталған командалар жарысы бірінші рет ұйымдастырылғалы отыр. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен ең мықты деп танылған командалар қатысуға ниетті. Көкшетаудағы республикалық чемпионатта «Көкпар» ойынынан үздік шыққан спортшылар арасынан 2013 жылдың қыркүйек айында өтетін «Көкпардан» Ашық «Азия чемпионатына» қатысатын команда жасақталмақ.

Қазіргі таңда ұлттық спорт түрлеріне мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлініп отыр. Қазақтың болмысы мен мәдениетінің ажырамас бөлігі – ұлттық спортымызға «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік Қоғамы тарапынан үлкен қамқорлық көрсетіліп келеді. Соның арқасында ұлттық спортымыздың түрлерінен жер-жерде чемпионаттар өткізілуде. Бүгінде ересектер арасында «Көкпар» мен «Аударыспақтан» — ХІІІ, Қыз қуу мен Теңге ілуден -VІІ  республикалық чемпионат соның айғағы.

Мақпал ЖҰМАШОВА

 Lite.BNews.kz «lite.bnews.kz».

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*