Ұлттық спорт түрлерінен маман даярлауды қолға алмақ

Жақында ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының  призденті Б. Тілеухан, Еуразия ұлттық университетінің ректоры Е. Сыдықовпен кездесті. Кездесуге ұлттық спорттың қыр-сырын білетін мемлекеттік жаттықтырушы Р. Сәттібаев, Асылбек Избаиров бастаған мамандар, сондай-ақ, ЕҰУ дене шынықтыру кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы қатысты.

Бүгінгі таңда ұлттық спортқа мемлекеттік деңгейде оң көзқарас белең алды. Әр түрлі Республикалық деңгейде іс-шаралар ұйымдастырылып, ұлтымыздың өшкені жанып, өлгені тіріле бастағаны шындық. Деседе, әлі де болса біраз нәрсенің басы қайырылмай тұрғаны анық. Соның бірі, мамандар даярлау мәселесі. Ұлттық спортымыз дамып, белгілі арнаға түскен сайын, оның да өзіндік мәселесі бой көтеретіні заңдылық. Сол заңдылық бүгінгі күні Ұлттық спорттың басы-қасында жүрген атқа мінер азаматтарды алаңдатып отырғаны жасырын емес. Осы мақсатта ҚР ҰСТҚ призденті Б. Тілеухан,  ЕҰУ-нің  ректоры Е. Батташұлымен кездесіп, түйткілді мәселенің түйінін тарқатқан болатын.

минм

Отырыста басты қаралған мәселе Еуразия ұлттық университеті қабырғасынан Ұлттық спорт түрлері бөлімшесін ашып, болашақ маман дайындау. Аталған бөлімше Ұлттық спорттың барлық түрін дамытуға ат салысады. Айталық, бүгінгі таңда ұмытылып бара жатқан қолөнер шеберлерін дайындау, тоғызқұмалақ спортшыларын тәрбиелеу, құсбегілікті дәріптеу, қазақы құмай тазы баптаудың қыры мен сырына үйрету. Сонымен бірге, көкпаршылар дайындау, кезіндегі түйе палуан дәстүрін дүниеге пәш ету. Ұлттық спорттың өзгеде түрлерінен оқушы тәрбиелеп, болашақ ұлттық спорт мамандарын жетілдіріп шығаруды көздейді. Бұл туралы Мемлекеттік жаттықтырушы Р. Сәттібаев былай дейді:

 – Бүгінгі таңда Ұлттық спорттың қыр-сырын білетін мамандардың дерлігі жасы егде тартқандар. Осы тұрғыдан келгенде, көз алдымызда көрініп тұрған мәселе – жас мамандар, төрешілер дайындау болып табылады. Оның үстіне, қазіргі таңда қарапайым ауыл жұртының санасында, жоғары оқу орны бай-бағланның баласына бұйырған деген түсінік бар. Біздің мақсатымыз – ауылда өскен, ат құлағында ойнап, көкпар тартып, асау үйреткен қазақтың қара домалақ баласын оқуға тарту, маман ретінде тәрбиелеу. Сонымен бірге, олардың ақысыз оқуына жағдай жасау,  мемлекеттен арнайы грант тағайындауға мұрындық болу.

Құрманғазы Жұмағұл

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*