Бас бәйге Бақторыда!

IMG_3341Жексенбі күні Алтайы мен Атырауын, Арқасы мен Алатауын бауырына сыйдырған алып та ұлан-ғайыр дала – Алаштың аяулы елорда баурайы тұлпар тектес ер қазақтың барша асылдарын тоғыстырды. Себеп – бәйгеден өткен республикалық «Алтын тұлпар» турнирі.

Қабанбай батыр елдімекені аумағында өткен бұл жарысқа еліміздің барлық өңірінен 60-қа жуық шабандоз келіпті. Мақсаты – бас жүлдеге қойылған 10 млн. теңгеге қол жеткізу.

Сонымен, 43 шақырымды құра­ған бәсекеде Қарағанды облы­сы­нан келген Д.Амангелді Бақ­то­ры­ атты жүйрігімен мәреге бірін­­ші болып жетіп, 10 миллион тең­геге ие болды. Екінші орынға Оң­түстік Қазақстан облысының өкілі Ж.Сүлейменқұлов Рабат атты сәйгүлігімен қол жеткізді. Оған 5 мил­лион теңге берілді. Үшінші орын алған Қарағанды облысы­нан Бек­торы атты жүйрігімен жүл­деге іліккен Е.Ермағанбетовке 2,5 мил­­лион теңге бұйырды. ­Ұйым­дас­ты­ру­­шылар көмбеге алғаш келген 9 тұл­парға ақшалай сыйлықтар тағайындады.

Турнир аясында «Ат сыншысы» байқауы да өткізілді. Бұл бай­қауда «Толыбай сыншы» атағын Алтынбай Тышқанбаев, Бердалы Аташев, Жазыбек Халиолла, Бауыр­жан Айтмағамбетов, Сансыз­бай Дәулетбеков, Алмас Құлта­сов, «Кү­реңбай сыншы» атағын Құдай­берлі Мырзабеков, «Кейхауыс сын­шы» атағын  Қаділ Елемесов иеленді.

egemen.kz, «Егемен-ақпарат».

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*