Көшпенділердің І бүкіләлемдік ойындарында Еліміз екінші орынды еншіледі

Қырғыз елінде ұйымдастырылған Көшпенділердің бірінші бүкіләлемдік ойындары аяқталды. Еліміз құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді.

Көшпенділердің бүкіләлемдік ойындарының қорытындысы бойынша Қазақстандық спортшылары 12 алтын, сегіз күміс, және сегіз қолаға қол жеткізіп, екінші орынды еншіледі. Қырғыз Республикасы 16 алтын, 20 күміс және 19 қола, жалпы 55 медальмен жалпы командалық есепте бірінші орын алды. Үшінші орын үш алтын және үш қоланы қанжығасына байланған Түрікменстанға бұйырды.IMG-20140125-WA0002

Естеріңізге салсақ, Көшпенділердің бүкіләлемдік ойындары 9-14 қыркүйек аралығында Ыстықкөлде өткен болатын. Турнирге Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Азербайжан, Беларусь, Бразилия, Германия, Литва, Монголия, США, Таджикистан, Туркменистан, Турция, Узбекистан, Франция, Швеция, Ю.Корея, Россия, Афганистан командалары қатысып,  спорттың 10 түрі бойынша бақтарын сынады. Атап айтар болсақ,  алыш, аламан бәйге, жорға жарыс, қазақша күрес, көкпар, құнан шабыс, қырғыз күресі, ордо, тоғызқұмалақ, аударыспақ.

Көшпенділердің бірінші бүкіләлемдік ойындарына  қатысып, жеңімпаз атанған спортшыларымыздың тізімі:

 

  Аты-жөні Спорт түрі медалі
1 Сатыбалдинов Амангелді қырғыз күресі алтын
2 Мұхаметжанов Алишер қазақ күресі алтын
3 Ысқақов Қуаныш қазақ күресі алтын
4 Түсіпханов Асылан қазақ күресі алтын
5 Жұмахметов Алишер қазақ күресі алтын
6 Тойбағаров Алмат қазақ күресі алтын
7 Ыстыбаев Бейбіт қазақ күресі алтын
8 Қабиев Нұрбек тоғызколгоол алтын
9 ҚР Тоғызқұмалақтан ерлер құрамасы   алтын
10 ҚР Тоғызқұмалақтан қыздар құрамасы   алтын
11 Құсайынов Еділ ұшқыр аттар жарысы алтын
12 Рақымғали Ернат құнан бәйге алтын
13 Далиева Әсел тоғызкоргоол күміс
14 Жайлыбек Ақтөре қазақ Күресі күміс
15 Сатыбалдинов Амангелді қазақ күресі күміс
16 Ахмедбеков Бекзат қазақ күресі күміс
17 Әбдразақов Руслан қазақ күресі күміс
18 Тойбағаров Алмат қазақ күресі күміс
19 Көптев Тайсон құнан бәйге күміс
20 Оразымбетов Ақжол аламан бәйге күміс
21 Канкив Ерлан қазақ күресі қола
22 Бегасылов Нұрзат қырғыз күресі қола
23 Мұхамеджанов Алишер қырғыз күресі қола
24 Ыстыбаев Бейбіт қырғыз күрес қола
25 Әбдразақов Руслан қырғыз күресі қола
26 Бегасылов Нұрзат алыш қола
27 Жұмалиев Түймебек аударыспақ (эр эниш) қола
28 Нұрпейісов Марат аударыспақ (эр эниш) қола

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.