Қазақ тазысы

Тазыларhqdefault

Қай заманда болсын тазы кереметтей бір құндылық ретінде қастерленіп, аялы қамқорлыққа бөленіп, барынша қорғалып келген. Қазақы құмай тазылар ғана құрметті орынға ие болған,  дастарқаннан еттің тәуір кесегі соларға тасталған. Арнайы төсеніштермен жастықтар соларға жайылған. Безендірілген арнайы итжапқылар ыстық пен суықтан қорғау үшін тігілген.

 Ит сипаттамасы

Тазы – кереметтей икемді және дене мүшелері бір-біріне сайма-сай жаратылған ит. Тұрқы жүгіруге арнайы бейімделгендей, сүйірлене біткен басы, үлкен қара көздері, үшбұрыштау салпаң құлағы, жіңішкелеу ұзынша мойны, жан жағынан қапсырмалап қойғандай  ішіне қарай жабысыңқы қарны бар, жон арқасы тегістеу, аяқтары салалы әрі ұзын, бұлшық етті. Жүны жұмсақтау майда, жылтыр әрі тақырлау келеді. Осы тұқымдас иттерге тән ортақ қаситетермен бірге тазылардың өзіндік ерекшеліктері де бар. Бұл ең алдымен ұзаққа жүгіре білу қасиеті. qqqqqqТүз тағыларының, мысалы, қарақұйрықтың соңынан олар 10-15 және оданда көп шақырымға жүгіріп, қуып жеткеннен кейін алқынған аңды ала алады. Сондықтанда олар ұшқыр тазылар деп аталады. Қырағы көз жанарымен қатар ұшқыр тазылар кереметтей сезу қабілетін иеленеді, ізге жақсы түседі, ұйыса біткен шілік-талдар арасынан жасырынған аңды қуып шыға алады.

 Тазы тұқымының шығу тарихы

Солтүстік шығыс Африка, сондай-ақ Ежелгі Мысыр елі осы иттердің шыққан отаны есептеледі. Қазіргі заманғы барлық тазы тұқымдастардың ата тегі Кіші Азиядағы, бәлкім, парий –иттерден тараған – теземді немесе Кәспи маңындағы аудандардан шыққан иттер. Олар шамамен біздің дәуірімізге дейінгі VII – X мыңжылдықтар кезеңінде пайда болған слюггиді тазылар деп есептеген жөн. Бұдан кейін біздің дәуірімізге дейінгі ІІ мыңжылдықтан бастап тезем Мысырдағы өзінің артықшылық жағдайларын жоя бастады, ал слюгги римдік легиондармен, кейінірек келе ислам дінін таратушыларымен бірге бүкіл Еуропа мен Орталық Азияға тарап кетті.  Сойтіп бүгінгі дүйым елге мәлім болып отырған тазы тұқымының негізін қалады.тазы-жүрісі

Азия елдерінің  аумағында тазының пайда болуы VIII-XIV ғасырларда моңғолдардың әскери жорықтарынан кейінгі халықтардың ұлы қоныс аударуына байланысты болды.

Жергілікті халықтың көшпелі өмір салтына да, осы өлкенің табиғи жағдайларына да керемет бейімделген тазылар қазіргі Қазақстан аумағында өзінің екінші отанын тапты.

 Тазымен аң аулау

Жақсы тазы қазақ отбасының құты, сондай-ақ, осы отбасыны азықпен, киіммен қамдайтын құралы деуге болады. Сондықтанда оны бабаларымыз ерекше сылап-сипап, мәпелеп асырайтын болған. Бұл итпен қоян, түлкі, қарсақ, сондай-ақ  елік, қарақұйрық, сайғақ аулауғада болады. Ірі иттермен тіпті қасқыр мен қабан аулауға шығады.salburun2011-31

Белсенді тері дайындау кезінде Қазақстанда дайындалған түлкі терілерінің тең жартысынан астамына (жылына 25 – 50 мың данаға дейін) тазылар арқылы қол жеткізілген. Ұшқыр тазының бір маусымда 30 – 50-ге дейін және оданда көп түлкі аулауы жиі кездеседі.

Оның үстіне тазы ауланған аңның терісіне мейлінше аз зақым жасайды. Өйткені, ол аңды көбіне көп мойнынан алып қылқындырып, өлтіріп тынады.tazi36

Аңның соңынан қууды тазы өз бетімен, сырттан әмір күтпей-ақ бастай береді. Аңды қуып жетіп, қылқындырып өлтіргеннен кейін ит иесін күтіп олжаның (аңның) қасында жатады немесе қолға түскен олжаны өзі апарып береді. Егер бір-бірімен келіскендей болып бірлесе қимылдайтын жұп тазылар болса, біреуі олжаны күзетуге қалады. Ал екіншісі иесіне қайтып келіп, оны ауланған аңның жанына ертіп келеді.434_3c1107731a31b9d6c8334e624837de02

Әсіресе ұшқыр тазының қыран бүркітпен бірлесе аң аулау әдісі әлдеқайда өнімді болып табылады. Бұл ретте ит жабайы құстарды тауып алып, үркітіп жоғарыға ұшырады. Мұны қалт жібермей байқап қалған аңшы бүркіттің томағасын сыпырады. Көкке қалықтап шыққан бүркіт, құлдилап келіп, оңай олжаны бүріп түседі. berkut_lisa12311Қасқыр аулауға аңшылар мейлінше ірі, қуатты әрі аңға деген ашу-ызасы мол екі тазыны қатар алып шығуды әдетке айналдырған. Олардың неғұрлым ұшқыры және батылы қасқырды қуып жетіп, бірнеше мәрте тықсыра тап беріп, шаршатып титығына жететін болса, дер кезінде келіп үлгірген екіншісі аңды алқымынан ала түсетін болған. Қасқырдың итті талап тастауын болдырмауы үшін аңшылардың аңға неғұрлым жақын жүргені және қандай да бір әдіспен бұған жол бермегені жөн.

Материалды дайындаған: Құрманғазы Жұмағұл

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.