Иттің бәрі тазы болмас… (ФОТО)

Бүгін «Балқарағай» демалыс кешенінде өткен құмай тазылардың республикалық байқауына жүзден астам ит әкелінді. Байқауды ұйымдастырған «Қансонар» аңшылық бірлестіктер және аңшылық шаруашылық субъектілері республикалық ассоциациясы, қолдау көрсеткен Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы.

IMG_2649

IMG_2629

IMG_2642Байқауға келгендер кезектерін күтіп отыр. Мұнда еліміздің барлық өңірінен әкелінген тазыларды көруге болады. «Ит иесі үшін жүгіреді, Құс тамағы үшін ұшады» демекші, иесіне қоян-қарсақтың талайын бөктерткен тазыларын әркім өзінше мақтайды. Тыңдап тұрсаң оныкінен жақсы ит жоқ. Дегенмен, бүгін иесінің мақтауы емес, сарапшылардың бағасы маңызды.

IMG_2644

 Мақтаулы иттің бірі мынау Багира деген тазы. Иесі оны жалғыз өзі қасқыр алған дейді. Сенбейтіндер болса, интернеттен тауып көруіне болады деп отыр.

IMG_2636

IMG_2633

Ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбековтің бұйрығымен 17-қыркүйек күні тазы мен төбет иттің стандарттары бекітілгенін айтқанбыз. Министр бүгін тазылар байқауына өзі де келіп қайтты. Тазы мен төбеттің стандартын бекіту оларды ұлттық құндылық ретінде сақтау үшін керек. Сонымен бірге, енді бұдан былай ол стандарттарға сай келмейтін тазылар ешбір маңызды байқауға қатыстырылмайды. Сондықтан бүгінгі іс-шара соңында иттердің қайсысы стандарттарға көбірек жақын екені анық белгілі болады.

IMG_2668

Байқау алдымен күшіктерден басталды. Олардың арасынан сарапшылардың неғұрлым көңілінен шығып, алғашқы орынды жеңіп алған күшіктер «Тазы» федерациясына тиесілі екен.

IMG_2677

IMG_2685

IMG_2701

Шынын айту керек, көп ағайын итінің стандартқа сай немесе сай еместігіне басын ауыртыпе жүрген жоқ. Оларды сертификат емес, болатын жарыс көбірек қызықтырады. Тірі қасқыр бар дегенді естіген соң иттерін ауыздандырып алуға келген «жалқаубектер» де аз емес көрінді.

IMG_2702

IMG_2714

IMG_2624

IMG_2625

IMG_2661

IMG_2655

Тазыларды көруге шетелдіктер көп келді. Омандықтар да аңшы итті жақсы көретін халық екен. Олардың да осы біздің құмай тазы тектес иттері бар. Тек тұрқы сәл ұзындау дейді, Оман елі елшілігінің өкілі.

IMG_2670

IMG_2671

Ал біз «итқұмар» деп ойлайтын шығыстан келген елшілерімізді иттен гөрі экзотикалық машиналар мен өздерінің ұлттық ойыны у-шу көбірек қызықтырған секілді.

IMG_2690

IMG_2694

Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан бүгін тазы иттер туралы өте көп мәлімет алғанын айтты. «Осы жүздеген иттің бәрі тазы. Дегенмен, арасында асыл текті нағыз құмайлар тым аз екен. Ең бастысы қазақ барда тазы да тірі болатынына көзім жетті» дейді.

IMG_2675

Оралбай Әбдікәрімов мырзаға рахмет. Орыс ағайындардың тілін тауып, ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға жұмылдырып жүр. Әйтпесе, қай қазақтың келіншегі стандартқа сай екенін анықтау үшін иттің тісін санап, артын ұстайды? Оның үстіне бұл сарапшылар біздің ағайынның «итім андай, мұндай» деп даурыға айтқан әңгімесіне қарап тұрмайды, қолдағы қағазға қарап стандартқа сайлығын анықтайды. Әйтеуір бұра тартпайды. Және шын мәнінде итті танитын, итті зерттеумен ғылыми түрде шұғылданатын солар екенін мойындауымыз керек.

IMG_2706

IMG_2712

IMG_2713

IMG_2716

IMG_2720

IMG_2721

IMG_2723

IMG_2725

IMG_2727

 Соңында осындай іс шараның көркі болып жүретін құсбегілерден бір сурет. Ал мына ат әйгілі Александр Македонскийдің сүйікті тұлпары — Буцефалдың тұқымынан дейді.

IMG_2717

IMG_2754

IMG_2755

IMG_2645

Ардабек Солдатбай,

«Ұлттық спорт»

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*