Құсбегілер жыры

Қансонар

Әні: Қалибек Деріпсалдиндікі

Сөзі: Ақылбек Шаяхметовтікі

 

Қаршығаң қолға қонған қос қанатың,

Бәйгеге ұлан-асыр қосқан атың.

Тазы ертіп, бүркіт салған құсбегіден,

Кез келген түз тағысы жасқанатын.

 

Қайырмасы:

 

Пай, пай, құсым пай құсым,

Қанатын кең жайды шын.

Тегеуірінің темірдей,

Намысыңа сай күшің.

Пай, пай, құсым пай құсым,

Қыран құсым.

 

Бүркіттің қолға ұстаған адал асы,

Қызығын қансонарда бағалашы.

Ұшқан құс, жүгірген аң құтылмайды,

Қыранның сыпырылса томағасы.

 

Қайырмасы:

 

Ат мініп таза ауада жүрген қандай,

Қадірін құс салудың білген қандай.

Түйіліп ту биіктен сорғалап кеп,

Түлкіні қар үстінде ілген қандай.

 

Қайырмасы:

 

Нотасы — Құсбегілер жыры

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*