Ұлттық спорт түрлеріне фотоэкскурс

Осы үлкен фотосессия барысында жастардың ұлттық спортты сүйетіндері мені қуантты. Көкпар, асық ату, қыз қуу, тоғыз-құмалақты ойнайтын жастар болашақта осы спорттың дамуына үлес қосатынына сенімдімін. Олардың ынтасынан осыны байқадым. Кейбіреулері тіпті жылқының жанында болып, үстіне бір рет міну үшін келеді екен ипподромға.

Теңге ілу — ұлттық спорт түрі. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Ойынды бастаушы жүргізеді. Бастысы жерде жатқанды іліп алып кету.

Бәйге — ұлттық спорт ойындарының бір түрі. Ат спортының бұл түрі түркі тектес басқа халықтарда да бар. Мысалы, Бәйгеөзбектерде “пайга”, қырғыздарда“чабыш” деп аталады.

Кейбір деректер бойынша, 15 ғ-дың 70-жылдарында Кереймен Жәнібексұлтандар Қазақ хандығын құрғанда, Шу өзенінің жағасында, Тұлпарсаз деген жерде Бәйге ұйымдастырған. Осы кезден бастап Бәйге қазақ халқының алқалы жиындарының (тойлардың, астардың, т.б.) ажырамас құрамдас бөлігіне айналған (қ. Сауын айту). (Уикипедиядан алынған ақпарат).

Тоғыз — құмалақ — Тоғыз-құмалақ ойыны әлемнің бірнеше елінде бар. Дұрысы ол ойында біздің ұлттық ойынға ұқсастығы бар. Мысалы жаңа айтып кеткен Африкада осы ойынның 90 түрі кездеседі. Марокко елінде бұл ойынды «сиг» деп атайды.

Алғаш рет ағылшын Р. Перри, 1936 жылы бұл ойын туралы кең тарқатып берген болатын. Ал Гана елінде бұл ойын «варри» деп аталады екен. Оның ерекшелігі әйелдер ойыны ер азаматтардың ойынынан бөлектеу екен. Сол секілді Либерияда бұл «поо» ойыны болса, Сенегал елінде «капо кунго» деп аталады екен.

Меніңше ең қызықтысы Зимбабведе. «Исафу» деп аталатын ойында 60 отау болады екен, және осын бір мезетте 10 адам ойнайтын көрінеді.

Ғалымдардың айтуынша тоғыз-құмалақ ойыны 4 мың жыл бұрын пайда болған. Өткен ғасырда кең тараған, көпшілік сүйіп ойнайтын ойындарының бірі болды.

Асық ату — біздің халқтың дәстүрлі ойыны. Бұл ойынды күндіз де түнде де ойнауға болатыныны білдіңіз бе?

Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Асық ойынының халық арасына кең тараған, басқа да түрлері бар. Кезінде бірәз түрін білетінмін, алайда есие келе есімнен шығып кетті. Бұл ұлттық спорт түрі туралы кең ақпаратты уикипедия сайтынан тауып алуға болады.

Аударыспақ — спортшыдан үлкен ептілікті, күштілікті, төзімділік пен батылдықты талап ететін ұлттық спорттың бір түрі. Мақсат қарсыласты аттан түсіріп тастау.

Аударыспаққа тәртіп бойынша ат үстіндегі айқасты жақсы меңгерген, тиянақты дайындығы бар спортшылар ғана қатынаса алады. Ал дайындығы жеткіліксіз, тәжірибесі аз спортшылар үшін бұл өте қиын. Сондықтан қазіргі тәртіп бойынша сайысқа 18 жасқа толғандар ғана қатынастырылады. Сайысқа қатынасушылар үш салмақтық категорияға бөлінеді. Аударыспақ салмақтық категорияға бөлінеді.

Аударыспаққа салмақтың категорияны енгізудің мақсаты — қатынасушыларға неғұрлым теңдік жағдай туғызу. Оны спорттың сайыстың бір түріне айналдыру үшін бір-біріне тең келетін салмақтық категорияны көбейту дүрыс. Бұл категорияға бөлу соңғы кезде қалыптасты. Ертеде кез келген тілек білдіруші өз еркімен қатынаса беретін болған. (Ақпарат уикипедия сайтынан алынған)

Көкпар — ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Ойынның атауы “көк бөрте” (лақ) сөзінен шыққан.

Дәстүрлі қазақ қоғамында Көкпарға жасқа толған серкенің семізі таңдалған. Семіз серке терісі жыртылмайды. Орташа салмағы 20-30кг-дай келеді. Басқа малдың терісі жыртылғыш болғандықтан Көкпарға тартпайды.

Көкпар – Орталық Азия халықтары арасында кең тараған ойын түрі. Ол қырғызөзбек тілінде “Улак тартыш”, тәжіктілінде “бузкаши” деп аталады. Көкпар тарту сияқты ұлттық ат спорты ойындары басқа да Шығыс елдерінде де бар. Ауғанстанда кең тараған бузавиш ойыны Көкпарға өте ұқсас. Сондай-ақ, Аргентина халқының да Көкпарға ұқсас ат спорты ойыны болған. (Ақпарат уикипедия сайтынан алынған http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D3%A9%D0%BA%D0%BF%D0%B0%D1%80)

Қыз қуу — қазақ халқының өте көне ойындарының бірі. Елімізе кең тараған ойындардың бірі. Сонау ертеден келе жатқан спорт ойыны, ертеде «Қыз қашар», «Қыз қуалар» деп аталғаны болмаса, біздің заманымызға дейін оншама өзгеріссіз жеткенін атап өтуіміз керек. Біздің заманымызға дейін өзгеріссіз қалды.

Сол заманғы тәртіп бойынша жарыс жігіт пен оның қалыңдығы арасында өткізілген (біздің заманымыздан бұрын VIII—VII ғасырларда Қазақстанның территориясын жайлаған кейбір рулардың арасында осындай тәртіп болған). Егер жігіт жарыста жеңілсе, ол өзіне қойылатын талапты ақтай алмағаны үшін оның қызбен некелесуге құқы болмаған.

Ертедегі аңыз-ертегілерге қарағанда, қазақтарда тағы бір мынадай әдет-ғұрып болған. Осы әдет бойынша жарысқа екі рудың қыз бен жігіті түскен. Жігіттің жеңілуі оған салынатын айыппен қоса, өз руында еті тірі жігіт пен жүйрік атының жоқтығы үлкен кемістік болып табылған. Егер қыз жеңілген деп табылса, оның жағының келісімі бойынша, ешқандай қалыңсыз-ақ ол жеңген жігітке тұрмысқа шығады.

Бүркітшілік – бүркітті баулып, онымен аң аулау кәсібі, саятшылықтың бір түрі. Бұл кәсіппен ертеде көшпелі түркі тектес халықтар шұғылданған. Тарихи деректер бойынша Жошы ханның 3 мың бүркітшісі болған.

Бүркітті екі түрлі жолмен ұстайды: біріншісі – балапаныны ұядан алып, қолдан баулу. Ондай бүркітті қолбала дейді. Екіншісі – бүркітті тағы күйінде ұстап үйрету. Бұлар – тірнек, тастүлек, мұзбалақ сияқты түз құстары.

Бүркіт балапанын жем беру арқылы баулиды. Ұшуға жараған кезде етке қант бүркіп, қоян, түлкі, қарсақ сияқты аңдардың терісіне орап, шыжым жіппен сүйретіп жүріп жегізеді, мұны «шырға тарту» дейді.

Бүркіт біршама қоңды, жемге шабытты, сергек күйде болу керек. Сондықтан әр бүркіттің тегіне, қырандығына, жасына қарай әр жағдайда берілетін жемдері болады. Мысалы, «қан соқта», «жылы жұмсақ», «қызыл», «тоят» деп аталатын жемдер семірту мен түлекке отырғызғанда, құстың еті төмендеп кеткенде беріледі. Бүркітші саятшылыққа бірнеше кісімен шықса, оны салбурынға шығу дейді.

Мысалы, «қан соқта», «жылы жұмсақ», «қызыл», «тоят» деп аталатын жемдер семірту мен түлекке отырғызғанда, құстың еті төмендеп кеткенде беріледі. Бүркітші саятшылыққа бірнеше кісімен шықса, оны салбурынға шығу дейді.

Соңғы жылдары Ұллтық спорт түрлеріне «Самұрық — Қазына» Ұлттық Әл-ауқат Қоры демеушілік жасап келеді. фотосессия сол компанияның тапсырысымен жасалған. Ұлттық спорт түрлері туралы қысқа ақпарат пен фотосаяхат осымен бітпейді. Алдағы уақытта әр спортқа қатысты қызықты деректерді салып отыруға тырысамын, достар.

Максим РОЖИН.

Дереккөзі

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*