Қыран құстар қамқорлыққа алынады

Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының «Бүркітші» федерациясы мен мемлекеттік органдардың арасында қыран құстарды қорғау бойынша байланыс орнату» туралы дөңгелек үстел өтті.

IMG_3445

Кеңеске қатысқан қонақтар:

— Януш Силицкий – Құстарды қорғау дүниежүзілік ұйымының арнайы өкілі;

— Оралбай Әбдікәрімов«Қансонар» аңшылардың қоғамдық бірлестіктері мен аңшылық шаруашылығы субьектілерінің республикалық қауымдастығының» Басқарма төрағасы;

Бақыт Қарнақбаев – Халықаралық құсбегілер қоғамының вице-президенті, (Азия, Африка және Мұхиттар аймағы бойынша)

— Елсияр Баймұхамбетұлы Қанағатов –ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы және

— Ауыл шаруашылық министрлігінің жауапты қызметкерлері;

— Зоология институтының ғалымдары;

— ЮНЕСКО  өкілі;

— қорықтар мен зообақтардың басшылары;

— аңшылық қоғам басшылары;

— «Бүркітші» федерациясы мен «Қыран қоры»  қоғамының басшылары;

— осы шараны ұйымдастырушы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының басшылары.

Дөңгелек үстелді Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан жүргізді.

 IMG_3462

Талқылауға қатысушылар:

— Елсияр Баймұхамбетұлы Қанағатов –ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы.

— Қуат Хазиұлы Чумакаев — ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бас сарапшысы.

— Бағдат Мүптекеқызы- Республикалық қоғамдық ұйым «Қыран қорының» атқарушы директоры.

— Маратбек Жақсыбекұлы Сүлейменов-Зоология институтының директорының орынбасары, ветеринария ғылымдарының кандидаты

— Марина Александровна Чирикова – Зоология институтының орнитология және герпетология лабораториясының меңгерушісі, этнология ғылымдарының кандидаты.

— Николай Абрамович Проскурин – Заңды тұлғалар бірлестігі «Қазақстан балық және аңшылық шарушылық одақ» президенті.

— Николай Николаевич Березовиков – Зоология институтының аға ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының кандидатына беріледі.

— Ковшарь Анатолий Федорович – зоология институтының ғылыми қызметкері, профессор, биология ғылымдарының докторына беріледі.

— Жапар Сатылғанов – ғалым этнолог, «Андасай» қорығының меңгерушісіне беріледі.

— Әбілхақ Тұрлыбаев – СІС-тің жыртқыш құстармен аң аулау жөніндегі сарапшысы

— Жанат Әкімұлы Қаспанов-ҚР Ауыл шаруашылығы минстрлігі Алматы қаласы Ветеринарлық бақылау және қадағалау инспекциясының басшысы

— Сабира Паридонқызы Құлсариева– ЮНЕСКО өкілі, тарих ғылымдарының кандидаты, этнология доценті.

— Ашот Анзоров – «Сұңқар» питомнигінің директоры

— Павел Пфандер – «Сұңқар» питомнигінің құсбегісі, Германия азаматы

— Ерболат Амангелдіұлы Мукашев – Алматы зообағы директорының міндетін  атқарушы

— Владимир Земблевский – Республикалық қоғамдық ұйым «Бүркітші» федерациясының атқарушы директоры

— Константин Николаевич Плахов – биолог, Алматы зообағының қызметкері

Сергей Владимирович Соколов – «Қазақстан балық және аңшылық шарушылық одақ» Заңды тұлғалар бірлестігі бас аңшылықты зерттеуші.

IMG_3449

Дөңгелек үстелді ұйымдастырушы Бекболат Тілеухан мырза жиынның мақсатын қысқаша түсіндіріп өтті.

«Бүгін біз аса маңызды, еліміздің ұлттық құндылықтарының бірі болып табылатын қыран құстардың жай-күйін талқылауға жиналып отырмыз. Халқымыз қыран құстарды ерекше қадір тұтқан, әлі де құсбегілік ұрпақтан ұрпаққа беріліп жалғасып келеді. Құсбегілік дәстүріміз бен мәдениетіміздің бір бөлшегі әрі ұлттық спорттың бір түрі ретінде насихатталып келгенімен, құстарды қорғау шарасы жүйелі қолға алынған жоқ.

Құсбегілер мен мемлекеттік органдардың арасында нақты жұмыс жоспары болмағандықтан оларды қорғау, сақтау айтырлықтай қиындық тудырып отыр.

Сондықтан бүгінгі дөңгелек үстелдің тақырыбын Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының «Бүркітші» федерациясы мен мемлекеттік органдардың арасында қыран құстарды қорғау бойынша байланыс орнату» деп атадық.

Елімізде «Жануарлар дүниесін қорғау және пайдалану жөніндегі» 2004 жылғы 9 шілдедегі заң бар.

IMG_3455

Алайда бұл заңда дәл аушы жыртқыш құстарға арналған арнайы бап жоқ. Әлі күнге дейін құстарды спорттық мақсатқа пайдалану мен аңға салудың ара жігі толық ашылмаған. Бұл аушы жыртқыш құстарды спорттық жарыстарға қатыстыру ережелерін әлі де толықтыру қажеттілігін көрсетеді.

Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы аймақтарға сұрау салып ел ішіндегі құсбегілердің қолында 122 жыртқыш құс бар екенін анықтады. Оның 99-ы бүркіт, 18-і қаршыға, 4-і ителгі, 1-і сұңқар. Осы құстардың 69-да, (оның 56-сы бүркіт те, 13-і қырандар) ешқандай құжат жоқ болып шықты.

Сондықтан «Аңшылар мен аңшылық субьектілер қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығына» жұрттың қолындағы қыран құстарды құжаттандыру туралы өтініш жасадық. Оралбай Әбдікәрімұлының тікелей атсалысуымен бұл іс жанданып, алға жылжып жатыр.

Аушы жыртқыш құстарды қорғауда үкімет пен қоғамдық ұйымдардың арасын байланыстыратын арнайы бағдарламалар жоқ. Құсбегілікті дамыту жекелеген адамдардың еншісінде қалуда. Жас талапкерлерді құсбегілікке үйрету, арнайы талаптарды орындаған соң ғана жеке құс ұстауына рұқсат беруді жолға қоюымыз керек. Кім көрінген құс ұстай алмайды. Түз тағысын қолға қондырған соң, оның бабын біліп, күтімін жасау керек.

Еліміздің көптеген аймақтарында бүркіттер мен қаршығалар, сұңқарлар жоғары қуатты электр желілерінің сымына қонып қырылып жатыр. Ауыл шаруашылық егістіктеріндегі пайдаланылатын химиялық тыңайтқыштардан өліп жатыр. Ал көптеген шетелдерде жоғары қуатты электр желілерінің сымдары анайы қоғаныш қабатымен жабылған, барлық ауыл шаруашылық субьектілері қоғамдық және мемлекеттік ұйымдардың жіті бақылауымен жұмыс істейді. Біз де шетелдің озық тәжірибелерін пайдалана отырып, қырандарды қорғаудың, аушы жыртқыш құстарды ұтымды пайдаланудың ережелерін жасауымыз керек.

Өткен жүзжылдықта елімізде күндіз ұшатын жыртқыш құстардың 39 түрі тіркелген болатын. Оның 33-і бізде ұя салатын. Бұлардың 15-ғана ҚР-ның Қызыл кітабына кіргізілген. Алайда, соңғы 20 жылда жыртқыш құстардың нақты есебі жүргізілмеген. Сондықтан біз қазір елімізде жыртқыш құстардың қанша түрі мекен етіп жатқанын айта алмаймыз. Тек бір нәрсе белгілі: құстадың саны қатты азайып барады. Сондықтан жыртқыш құстармен аң аулаудың және оларды асыраудың жаңа, заманға сай ережелері бекітілуі тиіс.

ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы өз тарапынан аушы жыртқыш құстарды қорғап, насихаттау шараларын көптеп өткізуде. Соның бірі былтыр Астанада өткен «Құсбегіліктің әлемдік интерграциядағы ролі» атты ғылыми-практикалық конференция еді. Оған танымал халықаралық сарапшылар қатысқан.

Міне, бүгін де біз осы саланың ең майталман мамандарының басын қосып, күн тәртібіндегі күрделі мәселені бірге шешуге талпынып отырмыз».

Ұлттық спорт жанашырларының мақсаты біреу-ақ – ол бүгінде браконьерлерге теңеліп жүрген бүркітшілердің кәсібін заңдастыру. Ата кәсіп, ұлттық өнер жетімсіремесін деп істеліп жатқан жұмыс.

Сонымен, сарапшылардың ұзақ талқылауынан кейін жиналғандар төмендегідей шешімге келіп, көрсетілген міндеттерді тиісті атқарушы органдарға жеткізуді «Қансонар», «Бүркітші», «Қыран» секілді қоғамдық ұйымдарға жүктеді.

  1. Құстарды спорттық мақсатта пайдаланудың ережелерін, спорттық жарыстардың ережелерін жетілдіру;
  2. Қолда бар құстарды жаппай құжаттандыру;
  3. Құсбегілерді оқыту,онлайн, видео курстар ұйымдастыру;
  4. Құстарды қорғауда ісінде халықаралық үздік тәжірибелерді қолдану;
  5. Қыран құстармен аң аулаудың режелерін жетілдіру.

IMG_3452

IMG_3471

IMG_3468

IMG_3466

 

IMG_3474

IMG_3488

 

IMG_3513

IMG_3505

IMG_3516

IMG_3532

IMG_3528

IMG_3526

 

IMG_3533

IMG_3536

 

IMG_3549

IMG_3552

IMG_3564

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*