Көкшетау өңірінде ұлттық ат спортынан республикалық чемпионат басталды

            ОКОблысы

8 маусым күні Көкшетау қаласының маңындағы Красный Яр кенті, «Тұлпар» атшабарында Қазақстан Республикасының ересектер арасындағы Көкпар мен Аударыспақтан — ХІІІ, Қыз қуу мен Теңге ілуден -VІІ  чемпионаты салтанатты түрде ашылды. Чемпионатты  ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, Ақмола облысының әкімдігі ұйымдастырып отыр.

        Чемпионаттың ашылу салтанатында еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларынан келген ұлттық ат спортшыларына ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының Бірінші вице-президенті Бекболат Тілеухан сәттілік тілеп, алғыстарын білдірді. Ашылу салтанатында ҚР спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Тастанбек Есентаев, ҚР Ақмола облысы әкімдігінің спорт және туризм басқармасының бастығы Надежда Патюткина, Ұлттық спорттан мемлекеттік жаттықтырушы Рамазан Сәттібай сөз алып, аталмыш чемпионаттың маңызы тоқталып, спортшыларға сәттілік тіледі.

        Осы Республикалық чемпионат алдында еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларында ұлттық ат спорт түрлерінен облыстық, қалалық жарыстар өткізіліп, жеңімпаздар анықталған еді. Осы облыстық, қалалық жарыстарда жеңімпаз атанған командалар Көкшетауда өтетін Республикалық чемпионатқа жолдама алды. Чемпионатқа «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның қаржылай көмекті көрсетіп отыр.  

        Мұндай еліміздің барлық облыстары мен қалаларынан толыққанды ат спорты түрлерінен жасақталған командалар жарысы бірінші рет ұйымдастырылғалы отыр. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен ең мықты деп танылған командалар келеді. Көкшетаудағы республикалық чемпионатта «Көкпар» ойынынан үздік шеберлік танытқандар спортшылар арасынан 2013 жылдың қыркүйек айында өтетін «Көкпардан» Ашық «Азия чемпионатына» қатысатын команда жасақталады.

        Көкше өңірінде толыққанды ұлттық ат спорты түрлерінен басталған чемпионатқа еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарының қызығушылығы артып отыр. Бұқаралық ақпарат құралдары ұлттық спортты ұлықтауға алдағы уақытта да ақпараттық қолдау көрсететіндіктерін байқатып отыр. Ауқымды жарысқа жерлікіті халық та көптеп келген екен. «Тұлпар» атшабарында ұлттық спорттың дамуы мен жандануына атсалысып жүрген азаматтар мен ұлттық спорт жанашырлары, бапкерлер, ұлттық спорттың жанкүйерлерін осылайша бас қосты. Ұлттық спортымыз, атқа мініп, шеберлік көрсету десе делебесі қозатын халық бірінші күні көрсетілген көкпар ойыннан сусындап қайтты.

        Республикалық чемпионат бір аптаға созылып, ұлттық спорт түрлері – көкпар, аударыспақ, қыз қуу, теңге ілу бойынша ең үздік командалар анықталатын болады. Жеңімпаз командаларға ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы қомақты жүлде қорын тағайындап отыр.

ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының

баспасөз қызметі

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*