Қазақ батыры Генаның кезекті ерлігі

Қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин мексикалық Марко Антонио Рубиодан басым түсіп, орта салмақта WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын сақтап қалды. Сондай-ақ осы салмақта WBC уақытша чемпионының белдігін жеңіп алды.

Мексикалық боксшы бірінші раунда-ақ қарсыласынан бірнеше соққы жіберіп алып, әлсіздігін байқатып қалды. Екінші раундта Головкиннің Рубиоға бағыттаған ауыр әрі дәлме-дәл соққылары мексикалықты бірден сұлатты. Рубио төреші онға дейін санағанша, орнынан тұрғанымен, әбден әлсіреп қалған боксшы жекпе-жекті жалғастыруға дайын екендігін көрсете алмады. Айта кетсек, бұл кездесуге Геннадий 78,5 келі, ал Рубио 82,1 келі салмақпен шыққан еді.

«Рубиомен жекпе-жекке шығу маған ұнады, бұл кездесуден ләззат алдым. Қазір менің үш белдігім бар және мен кез келген боксшымен қолғап түйістіруге дайынмын. Өзімнің келесі жекпе-жегімді Мигель Коттоға қарсы өткізгім келеді. Ол ұлы чемпион. Сондай-ақ Канело және кіші Чавеспен кездесуге дайынмын. Бұл менің Лос-Анджелестегі алғашқы жекпе-жегім, маған қолдау көрсеткен барлық жанкүйерге мың алғыс», — деді кезекті жеңісінен кейін Геннадий Головкин.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*