Құсбегілікті дамыту үшін Үкімет не істеді?

IMG_3471ҚР Мәдинет және спорт министрілігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Төрағасы Е.Б. Қанағатов.

Республика көлеміндегі ұлттық спорт түрлерін дамыту мен насихаттау жұмыстары бүгінгі таңда жақсы жолға қойылған деп айтуымызға болады.

2014 жылғы 3 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру мен спорт туралы» жаңа Заңында ұлттық спорт түрлері белгіленіп, арнайы баптар қарастырылған.

Сонымен қатар, соңғы жылдары елімізде ұлттық спорт түрлерінен халықаралық деңгейде жарыстары жоғары дәрежеде өткізілуде. Атап айтқанда, қазақ күресінен және тоғызқұмалақтан Әлем чемпионаттары, қөкпардан және аударыспақтан Азия чемпионаттары, «Еуразия Барысы» турнирі және тағы басқалар өтті.

Оның ішінде, көп жылғы тарихы бар құсбегілік өнеріне де аса назар аударудамыз. 2011 жылы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі және Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы құсбегіліктің арнайы ережесін бекітті.

Қазіргі танда, елімізде 100-ден астам спортшы құсбегілікпен айналысып, спорт мектептерінде бөлімшелер мен шттатық жаттықтырушылар еңбек етуде.

Сонымен қатар, ресми чемпионаттар мен турнирлер дәстүрлі түрде өткізіліп, 2013 жылы өткен бүркітшілердің І-ші халықаралық фестивалі мен ғылыми-практикалық конференция төл өнерімізді дамытуға және насихаттауға үлкен септігін тигізді.

Жалпы бүгінгі күні елімізде 122 аушы құс бар. Оның ішінде – 99 бүркіт, 18 қаршыға, 1 сұңқар және 4 лашын. (48 құстың құжаты бар, 69 құстың құжаты жоқ).

Штаттық жаттықтырушылардың саны — 12 адам, оның ішінде: Ақмола облысы – 3, Алматы облысы – 3, Жамбыл облысы – 1, Қарағанды облысы – 2, Оңтүстік Қазақстан облысы – 3.

Сонымен бірге Комитет 2014 жылғы 3-шілдедегі Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңына сәйкес, «Қазақстан Республикасының аумағындағы және тысқары жерлерде өткізілетін спорттық іс-шараларға даярлық және оған қатысу кезеңінде спорт-ардагерлерін, жаттықтырушыларды және дене шынықтыру мен спорт саласынын мамандарын материалдық қамтамасыз ету нормативетрді бекіту туралы» атты Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысын дайындап, бекітуде. Бұл Қаулыда көптеген спорт түрлерімен қатар құсбегілік спорт түрін және оның мамандарын материалдық қамтамасыз ету бойынша нормативтері белгіленген.

Бірақ та, құсбегілікті әрі қарай дамыту мақсатында бірқатар мәселерді шешу қажет:

1) «Бүркітші» федерациясы Спорт және дене шынықтыру істері Комитетінде спорт түрін тану рәсімінен өтіп, аккредитация алуы.

2) 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңына сәйкес «Бүркітші» федерациясының халықаралық деңгейдегі федерацияны тіркеу және ашу.

3) Қазақстан Республикасындағы «Құсбегілікті дамыту бойынша» Бағдарламаны әзірлеп, бекіту;

4) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығы мен Халықаралық құсбегілік Қоғамы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумды әзірлеп, қол қою.

5) Спорт мектептердегі құсбегілік бөлімшелеріне арнайы аушы құстар алу үшін арнайы питомник ашу мәселесі.

6) Республика бойынша спорт мектептерінде құсбегілік бөлімдері жоқ өңірлерде бөлімдер ашу (өңірлердің әкімдіктерімен бірге).

7) Бар аушы құстарды тіркеп, құжаттарды толықтай әзірлеу.

Құсбегілік өнерін дамытуға және насихаттауға Комитет тарапынан әр қашан қолдау болады деп сендіремін!

Саятшылыққа арналған қаржы туралы мәлімет

2014 жылы саятшылық спортына Ұлттық штаттық командалар мен спорттық резерв Дирекциясы арқылы 3 миллион теңге қаржы бөлінген. Жалпы саятшылық спортына бөлінген қаржы көлемі мынадай:

1) 2011 жыл – 2 миллион теңге

2) 2012 жыл – 3 миллион теңге

3) 2013 жыл – 3 миллион теңге

4) 2014 жыл – 3 миллион теңге

 

«Ұлттық спорт»

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*